Басты бет » Жаңалықтар » Медицина қызметкерлері сайлауға қолдау білдірді

Медицина қызметкерлері сайлауға қолдау білдірді

Сайлау — 2019

Nur Otan партиясы облыстық филиалының ғимаратында Ел Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері медицина саласының қызметкерлерімен кездесті.  

Облыстық қоғамдық штабтың отырысына республикалық штабтың мүшесі, қоғам қайраткері Елеусін Сағындықов, өңірдегі штабтың мүшелері қатысты.

— Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынғаны мәлім. Оның негізгі платформасының мақсаты —Тұңғыш Президенттің стратегиялық жоспарын одан әрі жалғастыру, елімізді дамыған 30 елдің қатарына енгізу, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеру.

Сайлау — аса маңызды саяси оқиға. Мемлекетіміздің келешегі біздің шешімімізге тікелей байланысты. Сондықтан сіздер дұрыс шешім жасайды деген сенімдеміз, — деді жиында сөз сөйлеген Е.Сағындықов.

Дәрігерлер кезектен тыс президенттік сайлау туралы шешім қабылдау өте маңызды қадам екендігін, сондай-ақ партия съезінің шешімін қолдайтындықтарын жеткізді.

Айта кетейік, Ел Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсету мақсатында құрылған облыстық штаб өз жұмысын 11 мамырдан бастады. Бүгінде Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында жергілікті штабтар құрылып, кездесулер ұйымдастырылып жатыр.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*