Негізгі / Жаңалықтар / Blog article: Облыс әкімі Израиль елшісімен кездесті

Облыс әкімі Израиль елшісімен кездесті

29 Шілде 2010 | Пікір жоқ | Жаңалықтар

Кеше облыс әкімі Елеусін Сағындықов облысымызға келген Израильдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Исраэль Меи Амимен кездесті.

Қонаққа ықылас білдіре отырып, Елеусін Сағындықов Қазақстан мен Израильді мемлекеттік һәм өңірлік деңгейдегі сенімді әріптестік қарым-қатынас байланыстырып тұрғанын атап өтті. Бұған дәлел ретінде ол израильдік технология бойынша енгізіліп жатқан тамшылатып суару әдісін, денсаулық сақтау саласындағы  жыл сайын кеңейіп келе жатқан өзара әріптестік, соның ішінде мамандар алмасуды келтірді.

Туған жылы һәм туған күндері сәйкес келіп, түйдей құрдас болып шыққан Елеусін Сағындықов пен Исраэль Меи Ами кездесу барысында экономикалық әріптестіктің әрі қарайғы перспективалық мәселелері туралы әңгіме өрбітті. Өңір басшысы, әсіресе, түйеқұс өсіретін ферма жайындағы ақпаратты ықыластана тыңдады. Бүгінде Ташкент қаласында жұмыс жасайтын осындай ферманың өнімі тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие көрінеді.

Сапар мерзімінің қысқалығына қарамастан Исраэль Меи Ами «Достық үйінде» болып, «Шалом» еврей қауымдастығының өкілдерімен кездесті.

Олардың өнерлерін жоғары бағалаған елші екі ел арасындағы мемлекеттік қарым-қатынас хақында хабардар ете келіп, жиналғандардың көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Мысалы, Қазақстан мен Израиль арасындағы визалық режимді жеңілдету перспективасы мен Қазақстаннан Израильге тікелей әуе жолын ашу секілді тілектерді тыңдады.

Қаламыздың көркем жерлерімен танысқан мейман мешіт пен шіркеуді және сулы-жасыл гүлзар ішіндегі ротондоны көрді. Және дәстүр бойынша қолын қойып, тілек тіледі: «Сіздерде бәрі ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған. Облыс басшылығының тұрғындарға деген ықыласы бөлек екені сезіліп тұр. Мені көргендерім қатты таңғалдырды».

Кездесуден соң қонақтар Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өткен чемпиондар лигасының 3-ші кезеңіндегі кезекті ойыны «Ақтөбе» мен Тель-Авив қаласынан келген «Хапоэль» командаларының арасындағы ойынды тамашалады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу 30 рет оқылған бұл мақала, ал бүгін болса, 1 рет оқылды |

Пікір жазу