Басты бет » Жаңалықтар » «Әкім сағатындағы» сұхбат

«Әкім сағатындағы» сұхбат

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Рика ТВ» телеарнасында болып, «Әкім сағаты» хабарына қатысты.

Ақтөбеліктердің көкейтесті  сұрақтарына облыс басшысы тікелей эфирден  жауап берді. Тұрғындардың сауалдары видеожазба арқылы да қабылданды. Сондай-ақ, xабар жүргізушілері аймақ басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, жол, ауызсу, экологияға қатысты сауалдарын жолдады.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин тікелей эфир барысында мемлекеттік  бағдарламалардың орындалу барысы мен облыстың экономика, білім, денсаулық салаларында кездесетін  өткір мәселелерді шешу жолдарын айтты. Және де әлеуметтік желідегі парақшасында жиі қойылатын сұрақтарға да жауап берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*