Басты бет » Жаңалықтар » Қоғамдық көмекшілерге куәлік табысталды

Қоғамдық көмекшілерге куәлік табысталды

Облыс басшысы  Оңдасын Оразалин  15 азаматқа «Облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі» куәлігін табыстады. Әрбір ауданнан  бір-бір азамат және  Ақтөбе қаласынан  үш өкіл   облыс әкімінің  қоғамдық көмекшісі  болып бекітілді.

«Халық арасында  қандай да  бір өзекті  мәселелерді  өздеріңізбен ақылдаса отырып шешеміз деген үміттемін. Өңірдің әлеуметтік  жайын дамытуда  тізе  қоса жұмыс жасаймыз деп сенемін. Өздеріңізбен ақылдасып, пікір алмасуға қашанда дайынмын», — деді облыс  әкімі.

Қоғамдық  көмекшілер  елімізде  жүзеге асып жатқан саясатты халыққа түсіндіру, әкімдердің  тұрғындармен байланысын нығайту  сынды жұмыстармен айналысады. Облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі болып  бекітілген өкілдер —  бұрын жергілікті әкімдіктерде қызмет еткен, туған жерлеріне абыройлы азаматтар.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*