Басты бет » Білім » Алғашқы академиктің тұлғасы

Алғашқы академиктің тұлғасы

Дөңгелек үстел

Ақтөбеде Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына  орай «Қазақ елінің алғашқы академигі»  атты дөңгелек үстел  өтті.

Дөңгелек үстел Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті география-туризм кафедрасы мен тарих факультетінің ғылыми кітапханасы ұжымының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілді.

География-туризм кафедрасының аға оқытушысы З. Кажиакбарованың жетекшілігімен студенттер тұжырымды баяндамалар жасап,  ғалым жөнінде белгілі  шетел ғалымдарының пікірлерін талқылады, сондай-ақ, жиында

Қ.Сәтбаевтың қоғам қайраткері ретінде халқына сіңірген еңбегі жөнінде де айтылды. Кітапхана меңгерушісі  Э.Абдуллина студенттерді ғалымның еңбектерімен, соның ішінде соңғы жылдары жарыққа шыққан кітаптармен де таныстырды.

Жиын соңында студенттер өз әсерлерімен бөлісіп,  ұлттың ұлы тұлғаларын кеңінен насихаттау, олардың мұраларын зерттеу ісіне қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

А.САРЫБАЙ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*