Басты бет » Спорт » «Ақтөбе» клубына қолдау көрсетіледі

«Ақтөбе» клубына қолдау көрсетіледі

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстан Премьер-Лигасы жетінші туры аясында өткізілген «Ақтөбе»-«Тараз» футбол командалары ойынын көруге қатысты. Орталық стадионға бұл күні өз командаларына қолдау білдіру үшін 11 мың жанкүйер жиналды. Ойын 2:3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді.

Ойыннан соң облыс басшысы жергілікті команда мүшелерімен арнайы кездесіп, футболшылар мен жаттықтырушылар құрамына ойындағы ұмтылыстары үшін жылы лебізін білдіріп, қолдау сөзін айтты. Ол алдағы күндерде футболшылардың жеңіске жететіндігіне сенім білдіріп, клубты күрделі жағдайдан алып шығу үшін ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын білдірді.

5 мамыр күні ақтөбелік футболшылар өз алаңында Қазақстан Премьер-Лигасы тоғызыншы туры аясында қызылордалық «Қайсарды» қабылдайды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*