Басты бет » Жаңалықтар » Қарияны шаңырағында құттықтады

Қарияны шаңырағында құттықтады

«Облыс әкімі белгілі  инженер Ян Тампаевты мерейтойымен құттықтады» деп», — хабарлады  облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Белгілі   инженер, Ақтөбе облысының Құрметті азаматы Ян Тампайұлы  сәуірдің  22-сі  күні 80 жасқа толды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ян Тампаевты құттықтау үшін  қарияның шаңырағына арнайы барды. Ел дамуына  аянбай еңбек еткен ардақты ақсақалға  облыс басшысы  ыстық ықыласын жеткізді.

«Сіздің еңбегіңізді жас ұрпақ ешқашан ұмытпайды. Қиын кезеңдерде ел дамуына, қаланың өсіп-өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор. Отбасыңызға амандық, деніңізге  саулық тілеймін», — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы ел ағасына естелік сыйлықтарын табыстап, естелік  суретке түсті. Ақсақал өзіне көрсетілген құрметтері үшін облыс әкімі Оңдасын Оразалинге алғысын білдірді.

Айта кетейік, өңір мақтанышы Ян Тампаев 1939 жылы Темір ауданында  дүниеге келген. 1961 жылдан бастап ҚазКСР Өндіріс құрылыс материалдары министрлігінің «Ақтөбеқұрылыс бөлшек» трест жүйесінде электрик, кен шебері, бас инженер, бас технолог болып жұмыс жасады. Кейін 1975-1979 жылдар аралығында облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, облыстық атқару комитеті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бөлім меңгерушісі болды. 1982 жылдан бастап Ақтөбе қаласы Фрунзе аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, кейін 2004 жылдан бастап «АқМЕҚЗ» АҚ бас директоры сынды бірқатар қызметтерді абыроймен атқарды.

Ел дамуына зор үлесін қосқан танымал тұлғаның ерен еңбегі мемлекет тарапынан өз бағасын алып, «Құрмет», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталды.

Қадірменді азамат жұбайы Ғалия Тампаева екеуі екі ұл, бір қыз өсіріп, төрт немере сүйіп отыр.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*