Басты бет » Жаңалықтар » Облыс әкімі батыс-2 және батыс-3 шағын аудандарының дамуымен танысты

Облыс әкімі батыс-2 және батыс-3 шағын аудандарының дамуымен танысты

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Батыс-2, Батыс-3 аудандарында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс алаңдарының бірінде қалалық атқарушы билік пен құрылыс компанияларының қатысуымен тұрғын үй құрылысы мәселелеріне арналған жиын өткізілді.

Қазіргі уақытта Батыс-2 және Батыс-3 аудандарында жалпы алғанда 312 мың шаршы метр болатын 3000 пәтерлік 32 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына құрылыс барысын үнемі қатаң бақылауда ұстауға, тұрғын массивтерінің айналасын абаттандыруға қатысты нақты тапсырмалар берді.

«Сапаға ерекше мән беру керек. Өкінішке қарай, тұрғындар тарапынан тұрғын үйдің сапасына байланысты шағымдар айтылып жатады. Мұндай жағдайлар болмауы тиіс. Тәртіп бұзушыларға қатаң шара қолданылатын болады. Қалалық билік ең алдымен мектеп, балабақша, медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді қадағалауы тиіс. Пайдаланылуға берілетін үйлердің аулалары абаттандырылып, жолдар мен тротуарлар төселіп, балалардың ойын алаңдары орнатылуы және автотұрақтарда орындардың саны жеткілікті болуы керек», — деді облыс басшысы.

Биылдан бастап Батыс-2 және Батыс-3 тұрғын аудандарында екі деңгейлі аулалар салу жоспарланып отыр, яғни жертөледе автотұрақ, үстіңгі қабатта балалар ойын алаңдары болады.

Оңдасын Оразалин жаңа аудандардағы құрылысқа басқа да жаңашылдықтарды енгізу қажеттігін айтты. Мәселен, біртекті, бір-біріне ұқсас құрылыстар сала бермей, үйлер мен ландшафттар дизайнына ерекше сәулеттік жаңашылдықтар мен заманауи технологияларды енгізіп, саябақтарды көбейту керек.

Кездесу кезінде облыс әкімі құрылысшылардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.  

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*