Басты бет » Жаңалықтар » Мүгедек жандар қамқорлық аясында

Мүгедек жандар қамқорлық аясында

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды  қолдау  орталығына барды.

Орталықта   мүгедек  жандар мен  олардың отбасы мүшелері бірге бола алады. Облыс басшысы орталықтың тұрақты жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменовамен және ондағы қызметкерлермен тілдесіп, мемлекеттік  әлеуметтік тапсырыстар аясындағы материалдық-техникалық базасымен, көрсетілетін қызметтермен танысты.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды  қолдау орталығы жанында қоғамдық қабылдау, әлеуметтік қызмет бөлімі, мүгедектердің белсенді оңалуына арналған кабинет, еріктілер клубы және мүгедек арбаларын жөндеу қызметі, тігін цехы жұмыс жасайды. «Инва-такси» қызметі  2005 жылдан бері жүзеге асқан. Автопаркте 8 автокөлік болса, оның үшеуі мамандандырылған көтергіштермен жабдықталған. «Инва-такси» күніне 40-60 азаматқа  қызмет көрсетеді.

Әңгімелесу барысында Құралай Байменова кең ғимарат немесе бөлме қажеттігі туралы өтінішін жеткізді. Облыс басшысы уәкілетті мемлекеттік органдарға осы мәселені зерделеуді  тапсырды. «Ғимарат тарлық етсе, ұсынысыңыз орынды, оны кеңейту қажет», — деді  облыс басшысы.

Бұл кездесу Құралай Байменованың туған күнімен тұспа-тұс келгендіктен, облыс әкімі қоғам белсендісін құттықтап, оған денсаулық, жұмыста сәттілік тіледі. Сондай-ақ, естелік сыйлықтарын  табыстады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*