Басты бет » Жаңалықтар » Облыстық конференцияға делегаттар сайланды

Облыстық конференцияға делегаттар сайланды

Кеше Nur Otan партиясының Ақтөбе қалалық филиалының кезектен тыс XXIX конференциясы өтті. Жиында партия Төрағасы Н.Назарбаевтың саяси ұйымның XVIII съезінде берген тапсырмаларын, соның ішінде «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл — ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларының іске асырылу барысы талқыланып, партияның облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.

Шараға қала әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Ілияс Испанов, қалалық мәслиxаттың xатшысы Сұлупан Шынтасова, 37 бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 80 делегат қатысты.

Ілияс Испановтың айтуынша, «Nur Otan» партиясының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бағытын жалғастыру дәуіріне аяқ басқалы тұрған саяси ұйымның алдында жаңа сын-қатерлер мен жаңа міндеттер тұр.
— Съезде Нұрсұлтан Назарбаев азаматтардың әл-ауқатының деңгейін жақсарту, олардың табысы мен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ауқымды бастамалар туралы айтып, таяу жылдарға арналған үкіметтің әлеуметтік саясатының үш негізгі бағытын айқындады. Олар: халықтың табысы аз топтарын қолдау және кірістерді арттыру, табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту, сондай-ақ өмір сапасын жақсартуға бағытталған өңірлік саясатты іске асыру.

Ұлт көшбасшысы мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі үш бағыты бойынша нақты тапсырмалар беріп, партияның «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл — ел бесігі», «Құтты мекен» секілді төрт ұлттық жобаны жүзеге асырудағы міндеттерін айқындады, — деді І.Испанов.

Жиын соңында партияның облыстық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*