Басты бет » Пікір » Дәл қазір өтетіні дұрыс болды

Дәл қазір өтетіні дұрыс болды

Дер кезінде қабылданған шешім

Асылжан БҮРКІТАЛИН,

«Жас Отан» жастар қанатының

Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы

 Алдымен президент сайлауы не үшін қажет деген сұраққа жауап берейік…

Сайлау — демократияның басты нышаны. 18 миллион халық елді басқаратын, дамудың жаңа этапына өтуіне ықпал жасайтын тұлғаны өзі таңдауы тиіс.

Ал неге қазір дейтін сұраққа жауап іздесеңіз, уақытша президент деген түсінік еліміздегі қоғамға мүлдем жат ұғым.

Өйткені, біздің 30 жылға жуық тарихымызда президентіміз және нақты саяси бағдарымыз болды. Осы жерде біз дамушы мемлекет екенімізді де ұмытпауымыз қажет. Ел экономикасына шетелдік трансұлттық корпорациялар мен компаниялардан миллиардтаған инвестициялар құйылуда.  Сондықтан елімізде жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар үшін де елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың маңызды екенін ұмытпауымыз керек.

Сол себепті мен елдегі президент сайлауының қазір өтуін заңдылық деп есептеймін.

Еліміз бұған дейін де бірнеше сайлау өткізіп, халық өз таңдауын жасады.

Мен өз қатарластарымды еліміз үшін саяси қадамға бір кісідей атсалысып, жауапкершілікпен қарауға шақырамын.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*