Басты бет » Пікір » Дер кезінде қабылданған шешім

Дер кезінде қабылданған шешім

Келдібай ЕСПАҒАМБЕТОВ,

ҚР Бейбітшілік пен келісім кеңесі облыстық филиалының төрағасы.

Маңызды қадам

Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан алдыңғы қатардағы жетекші елдің біріне айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап дамудың бейбіт жолын таңдады, сынақ алаңдарын жапты. Елбасымыз ядролық қарусыздануға қатысты бастама көтеріп, оған әлемнің назарын аудартты. Осылайша еліміз қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселесінде көшбасшы мемлекетке айналды. Халықаралық аренада өзіне лайықты орынға ие болды. Қазір әлем жұртшылығы еліміздің абыройы мен беделін, экономикалық мүмкіндіктерін білді, мойындады және әрбір саяси қадамға көз тігіп отыр. Ал біздің мемлекеттегі  саяси қадамдардың барлығы заңды және бейбіт жолмен жүріп жатыр. Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауын өткізу туралы үндеуі  — өте маңызды шешім. Себебі алда үлкен мақсат-міндет тұр. Оның ішінде ұзақ мерзімді және  күн тәртібіндегі әлеуметтік маңызды бағдарламаларды, жобаларды жүзеге асыру керек.  Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған бағдарламалар мен Nur Otan партиясының шешімдері уақытында орындалуы тиіс. Президенттің өзі Үндеуінде осыны айтты. Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бұл шешім өте орынды. Сондықтан ел болып алдағы сайлауда  бірлігіміздің берік екенін дәлелдеуіміз керек. Елдегі үкіметтік емес және саяси ұйымдар, қарапайым азаматтар, яғни барлығы ауызбіршілігін көрсетуі қажет. Бірлік бар жерде береке бар. Қазір, шүкір, еліміз тыныш, жағдайымыз тәуір. Ең бастысы, бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Оның ішінде Ақтөбе —  республикадағы экономикалық жағынан мықты өңірдің бірі. Аймақтың әлеуеті жыл сайын жақсарып келеді. Жұртшылықтың қай салада болмасын  белсенділігі жоғары. Алдағы сайлауға ақтөбеліктерді  белсене қатысуға шақырамын.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*