Басты бет » Пікір » Тарихи мүмкіндік

Тарихи мүмкіндік

Алтынбек ӘМІРҒАЛИЕВ,

облыстық кәсіподақтар орталығының директоры.

Кәсіподақ басшысы, еліміздің патриоты ретінде  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Үндеуін зор ықыласпен тыңдадым және онда айтылған Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу туралы шешімді  қолдадым. Бұл шешім Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалыптастырған еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін және бейбітшілік пен бақытты болашақ үшін жасалған тарихи шешім деп есептеймін. Мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы шешімді біздің кәсіподақтар федерациясы да қолдап, Қазақстан Республикасының әрбір азаматын еліміз үшін осынау сындарлы сәтте қолдау көрсетуге үндеді. Ол құжат баспасөз беттерінде жарияланды.

Еңбек адамдарының мүддесін қорғайтын кәсіподақтар біздің Отанымыз үшін маңызды әрі тарихи сәтте белсенділік көрсетпей қала алмайды. Біздің дана халқымыздың бірлігі мықты, мемлекеттігіміз тұғырлы, Тәуелсіздігіміз берік. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кезектен тыс сайлау туралы шешім қабылдау — өте маңызды әрі қажетті қадам» деп атап айтты.

Біздің әрқайсымыз үшін елімізде, әр отбасында бейбіт, бай-қуатты өмір болу маңызды. Оған біз бірлігіміздің, ауызбіршілігіміздің арқасында жеткенімізді жақсы білеміз. Елімізде Президенттің кезектен тыс сайлауын өткізу Елбасы ұстанған сындарлы саясаттың, табысты жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуының жалғастығын қамтамасыз етпек. Президент сайлаудың әділ, ашық өтетініне кепілдік беріп отыр және оған біздің еш күмәніміз жоқ.

Мен кезектен тыс Президент сайлауының көпұлтты халқымызды бір мақсатқа топтастыра түсетініне сенімдімін.  Сондықтан да өңіріміздің азаматтары мен қоғамдық күштерін Президенттің кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімін қолдауға шақырамын. Себебі бұл шешім — біздің еліміздің қуатын арттырудағы, тұрақтылығы мен ынтымағын нығайта түсудегі тағы бір тарихи мүмкіндік.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*