Басты бет » Пікір » Ең алдымен — ел мүддесі

Ең алдымен — ел мүддесі

Ислам ИМАНОВ,

«Ер Едіге» қоғамдық қорының төрағасы.

Қоғамның дамуына ілесу, уақыт талабына сай іс-қимыл жасау қажеттігі қай кезде де күн тәртібінде тұрары сөзсіз. Кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім дер кезінде жасалды және өте маңызды қадам деп білеміз. Мұнда ең алдымен ел мүддесін қорғау бағыты ұсталынып отыр.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясы алдағы уақытта да өзінің жанды жалғасын тауып, ел игілігіне қызмет ететіні күмәнсіз.

Президент өзінің халыққа арнаған сөзінде «Сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым!» деп анық айтты. Мұның өзі сайлаушылардың өздері дауыс берген үміткердің сайлануына деген айқын сенімін қалыптастырады.

Бізде үміткерлер барлық тіркелген саяси партиялардан ұсынылатыны белгілі. Сондықтан халқымыз сайлауға белсене қатысып, өздерінің қалаған адамына дауыс беруге жауапкершілікпен қарайды деп сенемін.

Біз үшін ең алдымен ел тыныштығы, халықтың әл-ауқатының артуы, алаңсыз болашаққа сенуі қымбат. Осы мақсаттың орындалуы Мемлекет басқарып отырған Президентке тікелей байланысты екені анық. Ендеше, біздің барлық үмітіміз бен сеніміміз бір жағынан осы сайлауға қатысты. Соны ұмытпайық.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*