Басты бет » Жаңалықтар » Ашық кеңсе жағдайындағы жұмысқа көшті

Ашық кеңсе жағдайындағы жұмысқа көшті

Мемлекеттік органдардың ашықтығын айқындау, әкімшілік кедергілерді азайту және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін болдырмау мақсатында облыстық кәсіпкерлік басқармасының қызметі ашық кеңсе жағдайына (open space) ауыстырылды.

— Қазіргі уақытта біздің басқармаға адамдар кәсіпкерлік ауқымындағы әртүрлі мәселелермен жиі келеді. Open space-тің негізгі мақсаты ауқымында тұрғындармен байланыс жасауға және мемлекеттік қызметшілерге сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін бірегей формат қарастырылып отыр, — деді бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Асқар Көкеев.

Аталған режимде жұмыс істеу қызметкерлердің өзара байланысына оң ықпалын тигізеді. Мәселен, қызмет бабындағы барлық мәселелер осы арада дереу шешімін табады.

Сонымен қатар, басқарма ғимаратында облыстық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы және «Kazakh Invest» АҚ облыстық филиалы орналасқан. Бизнес саласында қызмет көрсететін ұйымдардың бір жерде болуы кәсіпкерлерге де, инвесторларға да ыңғайлы және қолайлы.

Кәсіпкерлік басқармасы облыс бойынша шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ оны қолдау, сауда, туризм салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға уәкілетті орган ретінде қызмет етеді. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының өңірлік үйлестірушісі болып табылады және кәсіпкерлік саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

Бір атап өтерлігі, басқарманың қызметі тұрақты түрде әлеуметтік желілерде көрініс тауып тұрады. Ал ашық кеңсе жағдайына көшу кәсіпкерлермен байланыс ауқымын жеңілдете түсері сөзсіз.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*