Басты бет » Мәдениет »  «…Ел көгерер!»

 «…Ел көгерер!»

Облыстық халық шығармашылығы орталығында ақсақалдар арасында бата беруден облыстық байқау өтті. 

— Халқымыз «Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер», «Баталы ер — арымас» деп батаның қадір-қасиетін жоғары бағалай білген. Осы орайда біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 60-80 жас аралығындағы қарттар арасында үздік бата беруден байқау ұйымдастыруды жөн көрдік. Әрі жыл басы болғандықтан, ырымға да жақсы, — дейді облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Гүлнар Сейталина.

Мәдени шараға 6 қария қатысты. Олар облыстық байқауда үш кезең бойынша сынға түсті: таныстыру, ел есіндегі байырғы баталарды айту және аңыз-әңгімелерден сыр шерту. Мұндағы мақсат — салт-дәстүрімізді насихаттау, батаның мағынасы мен мазмұнын жас ұрпаққа ұғындыру.

Екі жарым сағатқа созылған бата беру жарысында қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Шалқар ауданынан келген Жеткерген Елемес лайық деп танылды. I орынды ырғыздық Рахымжан Өтеміс иеленсе, екінші орынды өзара байғаниндік  Аманғали Жалдыбек пен темірлік Нұрсұлтан Ілиясов бөлісті. Ал үшінші орынды әйтекебилік Жақсылық Айтуов пен мұғалжарлық Жақсылық Есбосынов еншіледі. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*