Басты бет » Ақтөбе — 150 » Ақтөбелік пікірсайысшылардың өз орталығы бар

Ақтөбелік пікірсайысшылардың өз орталығы бар

Ақтөбе қаласындағы №55 орта мектеп базасында «Жастар — еркін елдің кемел болашағы» атты ашық Батыс аймақтық пікірсайыс турнирі өтті. Жастар жылына орай ұйымдастырылған шараға Ақтөбе қаласынан өзге  Орал қаласынан келген пікірсайысшылар қатысты.

— Жастар жылына және Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен турнирдің мақсаты — жастардың ұйымдастырушылық және сыни ойлау тұрғысын дамыта отырып, көшбасшыларды анықтау. Сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, бойында қазақстандық патриотизм ұғымын қалыптастыру, — дейді қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Жәния Есенжолова.  

Шараның жабылу салтанатына Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов қатысып, барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды марапаттап, алғыс білдірді.

Сондай-ақ, дәл осы күні аталған мектеп ғимаратында пікірсайысшы жастардың қатысуымен «Жас көшбасшы» атты Ақтөбе қалалық пікірталас орталығының салтанатты ашылуы өтті.

— Ақтөбелік достарымызға қызыға да, қызғана да қарап отырмыз. Өйткені арнайы пікірталас орталығының ашылуы кез келген пікірсайысшы үшін маңызды. Орталық бар жерде жұмыс жасалады, ал жұмыс жасалса нәтиже де болады. Бұл нағыз республикалық деңгейдегі мықты пікірсайысшылардың шығуына септігін тигізеді. Біз соған тілектеспіз, — дейді Орал қаласынан келген «Рух» пікірталас орталығының мүшесі Нұрмұхан Қонысбаев.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*