Басты бет » Денсаулық » Дұрыс тамақтану орталығы ашылды

Дұрыс тамақтану орталығы ашылды

Қазіргі күні ақтөбеліктердің отыз пайыздан астамы семіздік дертіне шалдыққан.

Ал Халықаралық даму институтының мәліметіне сүйенсек, жер бетінде

1 миллиардтан астам адам артық салмақтан зардап шегеді. Облыстық ауруханада ашылған дұрыс тамақтану орталығы көпшілікке қалай тамақтануды үйретеді. Мамандар медицина қызметкерлерінен бастап емделушілерге және олардың туыстарына дұрыс тамақтану жолдарын түсіндіреді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, көпшілікке алдымен дәрігерлер үлгі болуы тиіс. Әрбір адам тамақты талғап ішкені жөн. Құнары аз, сапасыз азық-түлік, түрлі жасанды қоспалары бар тағамдар мен сусындар адам денсаулығына зиян. Дұрыс тамақтанбаудың соңы түрлі аурудың пайда болуына әкеліп соғады. Ал салауатты өмір салтын ұстанбаған адам семіздік дертіне шалдығады. Өлім-жітім себептерінің ішінде семіздік бесінші орын алады екен. Медицина артық салмақтың адам өмірін 7 жылға қысқартатындығын дәлелдеді. Мамандардың айтуынша, бүгінде балалар мен ересектердің 80 пайызы дұрыс тамақтанбайды. Соның салдарынан тұрғындар арасында ас қорыту жүйесінің бұзылуы, ішек құрылысының қабынуы және асқазан жарасы, қант диабеті, жүрек-қантамыр ауруларына шалдығушылар қатары көп.

Кәмшат СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*