Басты бет » Ауыл » «Ақсүттің» үлгісі

«Ақсүттің» үлгісі

Ауылшаруашылық саласында күнкөрістің кілті көп. Кәсіптің көзін тауып, нарықтағы бизнесіңді қалыптастыру үшін үйір жылқы, табын сиыр, отар қой болу міндетті емес.

Қарғалы ауданының тұрғыны Абат Өтегенов қазір көп көзге іле бермейтін ешкінің сүтімен тұтынушыларын тауып, шаруасын дөңгелентіп отыр. Жылына екі рет төлдейтін Шекшек атаның тұқымы өскіш және жыл он екі ай желіні сүтсіз болмайды. Әуел баста Омбыдан сүтті тұқымды 10 ешкі сатып алған ол қазір төл санын көбейтумен тұрақты айналысады. Аса күтім мен шөп талғамайтын ешкілерден күніне 50 литр сүт алады.

Осылайша көп адамның қолы жүре бермейтін ерекше кәсіпті таңдап, оның қыр-сырын меңгерген Абат сүтті өңдейтін аппарат, арнайы жапсырмалы ыдыстар сатып алды. Ондағы өнімдер сапалы әрі ұзақ сақталады.

Қазір «Ақсүт» шаруа қожалығын құрған Абат Өтегенов ешкі сүтінен айран, құрт секілді бірнеше өнімдер дайындайды. Ал ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасы ғылыми түрде дәлелденген болса, жылдың қай мезгілінде де сұранысқа ие түбіті өте пұлды. Демек, ешкі өсіру, болашағы бар кәсіп. Оны Абат дәлелдеп отыр.

Кәмшат БАЙХАНОВА,

Қарғалы ауданы.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*