Басты бет » Әлеумет » Ашық есік күніне келіңіздер!

Ашық есік күніне келіңіздер!

Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы облыс тұрғындарына еңбек заңнамасы мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша Ашық есік күні өткізетіндігі жөнінде хабарлайды. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2019 жыл «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» болып хабарланды. Ашық есік күні мына уақытта өтеді:

– 2019 жылғы 27 наурыз;

– 2019 жылғы 20 маусым;

– 2019 жылғы 18 қыркүйек;

– 2019 жылғы 20 қараша.

Азаматтарды басқарманың басшысы мен қызметкерлері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін Еңбек заңнамасының әртүрлі сұрақтары бойынша қабылдайды. Соның ішінде:

– еңбек саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар (ең төменгі айлық жалақының көлемі, күнделікті жұмыс уақытының ұзақтығы, жыл сайынғы негізгі ақы төленетін еңбек демалысы);

– қауіпсіздік және гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері;

– кепілдіктер мен өтемақы төлемдері бойынша (жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы төлемдері, жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтеу);

– жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу ерекшеліктері (вахталық жұмыс әдісі, маусымдық жұмыстар, үй жұмыскерлері және т.б.);

– жеке және ұжымдық еңбек даулары бойынша өзекті мәселелерді қарастыру;

– Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының құзырына жататын Еңбек заңнамасына қатысты тағы да басқа сұрақтар.

Жоғарыда аталған акцияны өткізу барысында азаматтар басқарманың қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне немесе уәкілетті органның шығарған шешімімен келіспейтін шағымдармен басқарманың құзырына қарауға жататын сұрақтармен арыздануға болатындығын мәлімдейміз.

Азаматтарды қабылдау төмендегі мекенжай бойынша жүргізіледі:

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101, каб.444, 443, 333.

Байланыс телефондары: 8 (7132)56-49-22, 56-88-91

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*