Басты бет » Жаңалықтар » Аманқос Орынғалиұлы — «ақпарат саласының үздігі»

Аманқос Орынғалиұлы — «ақпарат саласының үздігі»

Наурыз мерекесі қарсаңында «Ақтөбе Медиа» ЖШС қарасты «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бірқатар қызметкерлері ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Құрмет грамотасымен және төсбелгісімен марапатталды.

Құрмет иелерін құттықтау үшін Баспасөз үйіне Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетінің төрағасы Нәзира Табылдинова келді.

Ақпарат саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін облыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» газетінің фототілшісі Хайреден Раушанов, «Актюбинский вестник» газеті сайтының редакторы Максим Токарь, компьютер бөлімінің операторы Нина Акимова министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталса, «Ақтөбе» газетінің тілшісі Аманқос Орынғалиұлына «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

Барлық марапат иелерін құттықтай келе, жауапкершілігі мол қызметіне сәттілік тілейміз.

Өз тілшіміз.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*