Басты бет » Жаңалықтар » Үкім өзгеріссіз қалдырылды

Үкім өзгеріссіз қалдырылды

Мұнайды заңсыз экспорттаумен шұғылданушыларға шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылды. Бұл туралы облыстық сотта апелляциялық процеске төрағалық етуші судья Қайырбек Елемесов хабарлады.
— Мұнайды заңсыз экспортқа шығарғандары үшін жазаланған қылмыстық топ мүшелерінің апелляциялық шағымын қараған апелляциялық коллегия іс жағдайын тексеріп қарап, Ақтөбе облысы қылмыстық іс бойынша мамандандырылған сотының тұжырымын заңды деп таныды және өкімді өзгеріссіз қалдырды,— деді ол.— Жаза кесілгендер 6 ай ішінде бұл шешімге қатысты кассациялық инстанцияға шағымдана алады.
Бұған дейін Қырғызстанға заңсыз мұнай экспорты туралы іс бойынша «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС мен «Inter Oil Export» ЖШС басшылығы және қызметкерлерінен 4 адам сотқа тартылған болатын. Нәтижесінде «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС маркетинг және логистика жөніндегі директоры А. Қожағалиевқа 19, «Inter Oil Export» ЖШС директорының орынбасары «Inter Oil Export» С. Кунцевич 17 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілді. Қалған екі адамға 4 жылға сот үкімі шықты.
Бұдан басқа сот «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ пайдасына жазаланушылардан 141,7 миллион теңге мөлшерінде материалдық шығын өндіруді міндеттеді.

Н. ДАБЫЛОВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*