Басты бет » Жаңалықтар » Ауылдың әлеуеті және субсидия

Ауылдың әлеуеті және субсидия

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облысымызға  жұмыс сапарымен келген үкіметтік жұмыс тобының мүшесі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов Мәртөк ауданында болды.

Аудан тұрғындарымен кездесуде жасаған баяндамасында Қайыр Рыскелдинов Елбасының Nur Otan партиясының кезекті XVІІІ съезінде сөйлеген сөзінде алға қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында белгіленген іс-шараларға, атап айтқанда, табысты арттыру мен аз қамтылған отбасыларды қолдау, табысы аз азаматтардың баспана мәселесін шешу және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жақсарту, сондай-ақ өңірлерді кешенді дамыту бағытындағы міндеттерге тоқталды.

Осы орайда ол әр ауылда жаңа жұмыс орындарын құру мәселесінің маңыздылығына ерекше тоқталып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұл істе белсенділік танытып отырғанын айтты. Ауылдағы жаңа жұмыс орындары астық егіп, мал өсіруге, тұрғындарға қандай да бір қызмет көрсетіп, табыс табуға мүмкіндік береді. Бұл үшін халыққа шағын несиелер беріліп, жаңа мамандық алуға жағдай жасалып, түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Ауыл шаруашылығы саласында жеңілдікпен несие беру, «Сыбаға» бағдарламалары, мемлекеттік субсидиялар бар.

Табыс тауып, лайықты өмір сүруде ауылдың әлеуеті мол. Тек өңдеу өнеркәсібін дамыту қажет.  Осыған байланысты Елбасы Үкіметке 2019-2021 жылдар аралығында «Ауыл — ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осы мақсатқа 90 миллиард теңге бөлінбек. Бұл өз кезегінде жастарды ауылда тұрақтандыруға ықпал етеді, — деген Қайыр Рыскелдинов якорлық шаруашылық құру және бизнес бастаушыларды несиелендіру мәселесіне жан-жақты тоқталып өтті.

Кездесуге қатысушылар комитет төрағасына сауалдарын жолдап, нақты жауап алды.

Бүгін бірқатар мәселелер айтылды. Мен олардың барлығын жазып алдым, енді өз бақылауымда ұстаймын. Негізінен көпшілік сауал субсидия мәселесіне қатысты қойылды. Расында да, тауар өндірушілердің айтуы орынды. Себебі ережелердің бір тұсына тез өзгертулер енгізілгеннің салдарынан адамдар субсидия ала алмай қалып жатыр. Аталған мәселені мен басшылыққа жеткіземін. Біз бірігіп дұрыс шешім табатын боламыз. Біздің шаруаларымыз асылтұқымды мал сатып алуды кешіктірмеуі үшін бюрократиялық проблемаларға тап болмауы керек. Елбасы тапсырма берді, соны біз халыққа түсіндіруіміз керек. Біз — халыққа қызмет етеміз және оны ұмытпауымыз керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығын және бағбандық бойынша нұсқаулар әзірледі. Сызбасы оңай, яғни болашақта бізде ет экспортын қалыптастыруда кәсібін жаңа бастаушыларға мемлекет игілігі үшін қызмет етуде барлық мүмкіндік қарастырылған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер жақын аралықта өз өнімдерінің көлемін 2,5 есеге ұлғайтуы қажет, — деді кездесуден кейін Қайыр Рыскелдинов.

Ауданға жасаған сапарының соңында ол Nur Otan партиясы аудандық филиалы кеңсесінде азаматтарды жеке қабылдады.

Елена ОНИСЬКОВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*