Басты бет » Жаңалықтар » Жұртшылық өкілдерімен жүздесті

Жұртшылық өкілдерімен жүздесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұртшылық өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында облыс басшысы «Азат-Арда» қозғалысы ардагерлер ұйымының өкілдерімен бірқатар көкейтесті мәселелерді талқылады.

Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Естай Жайлыбай қазіргі кезеңдегі басым бағыттардың бірін — шағын және орта бизнесті жан-жақты дамыту мәселесін ерекшелей сөз ете отырып, өңірімізде кәсіпкерлікті дамытуға тұсау болып келе жатқан бірқатар факторларды атап өтті.

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар облыс орталығындағы құрылыстар мен автокөлік жолдарының жөнделу сапасына алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік саланы қаржыландыруды ұлғайтуға қатысты мәселелерді ортаға салды.

Облыс басшысы кездесуге қатысушыларға сындарлы пікірлері үшін алғыс сезімін білдірді.

«Бізге жұртшылықты толғандыратын көкейтесті мәселелерді көтеретін және көмекке дайын адамдар керек. Біз сіздердің барлық ұсыныстарыңызды да қолдаймыз. Көптеген мәселелерді шешу барысында өздеріңізбен бірге жұмыс жасайтын боламыз», — деді Оңдасын Оразалин.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*