Басты бет » Жаңалықтар » Көпбалалы аналармен кездесті

Көпбалалы аналармен кездесті

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин белсенді әйелдермен, көпбалалы аналармен, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті», —деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының Nur Otan партиясының ХVІІІ съезінде айтылған жаңа әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру, аз қамтылған азаматтардың табыстарын көтеру және қолдау, табысы аз отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту бойынша сындарлы әңгіме өрбіді.

Оңдасын Оразалин Президент тапсырмасына байланысты әлеуметтік саладағы енгізіліп жатқан жаңалықтарды нақтылап түсіндірді. Облыс әкімі жиналғандарды қызықтырған мәселелер бойынша, оның ішінде көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар және азаматтардың әлеуметтік жағынан осал топтары категорияларына қатысты сауалдарға жауап берді.

Кездесу қорытындысында облыс басшысы жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*