Басты бет » Жаңалықтар » Есептер тыңдалып,бағыттар белгіленді

Есептер тыңдалып,бағыттар белгіленді

Облыс әкімі орынбасарларының, облыстық басқарма басшыларының, Ақтөбе қаласы мен облыс аудандары әкімдерінің есептерін тыңдау аяқталды.

Облыс әкімінің орынбасарлары Мавр Абдуллин мен СерікТөленбергенов,  Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов өздері жетекшілік ететін салалардағы 2018 жылғы жұмыстың қорытындысы, ағымдағы жағдай және алдағы кезең жоспарлары туралы хабарлама жасады.

Есеп беру барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың жоғары көрсеткіштері атап көрсетіліп, қолжеткізген қарқынды ұстап тұру және одан әрі өсіру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, шешімі экономиканы дамытуға елеулі серпін беретін бірқатар проблемалық мәселелер қарастырылды.

Есеп берулер қорытындысы бойынша облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мемлекет басшысының тұрғындардың табыстары мен тіршілік сапасын көтеру бойынша тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нақты міндеттерді белгіледі.

Облыс әкімі негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қоғамдық көлік, ауыл шаруашылығын одан әрі әртараптандыру және еңбек өнімділігін көтеру, автомобиль жолдары сапасын жақсарту бағытындағы проблемаларды жедел шешу қажеттігіне назар аударды.

Осы және басқа проблемаларды шешу жайы облыс басшысының облыс аудандарына жұмыс сапары және жұртшылықпен алда болатын кездесулері кезінде талқыланатын болады.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*