Басты бет » Білім » 98 миллион теңгелік грант ұтып алды!

98 миллион теңгелік грант ұтып алды!

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің «Өнімді инновацияны қолдану» жобасының жеңімпазы атанып, 98 миллион теңге тұратын грантқа ие болды.

Сондай-ақ биылғы жылы университет жанындағы «Zerek» технопаркі қосымша 47 миллион теңгелік мемлекеттік грантты ұтып алды. Ұтып алынған қаражаттың өз орнына жұмсалуын бақылап отыру техника ғылымдарының докторы Байзақ Исақұлов басқарып отырған «Zerek» технопаркінің құзырына тапсырылды.

Айта кету керек, ғалымдар құжаттарды ағылшын тілінде рәсімдеудің сан қырын, халықаралық ғылыми жобаларға жол ашудың амалдарын да осы қаржыны пайдалану арқылы шешпек.

Ақпараттарға сүйенсек, Қазақстандағы 130 оқу орнының 17-сі ғана аталған байқауда жеңімпаз атанған. Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті, Еуразия инновациялық университеті сияқты мүйізі қарағайдай оқу орындарының қатарында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің болуы — біз үшін мақтаныш, үлкен жетістік.

Осы тұста айта кету керек, осыдан 23 жыл бұрын ашылған университеттің материалдық-техникалық базасы жоғары деңгейде жасақталған. Мұнда білім беруге арналған бес корпус, «Zerek» технопаркі бар.

5 мың студент оқитын іргелі оқу орнында бүгінде еліміздің өзге облыстарынан ғана емес, Өзбекстан, Ираннан келіп оқып жүрген студенттер бар.

         Мұхтар МИРОВ,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент,

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің 

«Рухани жаңғыру» орталығының директоры.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*