Басты бет » Әдебиет » «Оқитын өлке»: биылғы таңдау — Сарышолақ Боранбайұлының шығармалары

«Оқитын өлке»: биылғы таңдау — Сарышолақ Боранбайұлының шығармалары

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында 2019 жылғы «Оқитын өлке» акциясына арналып, алдын ала жүргізілген сауалнамалар нәтежесінде ұсынылған әдеби шығармаларды сараптап, дауысқа салу үшін құрылған ұйымдастыру алқасының мәжілісі  болып өтті.

Жиынға Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Г.Маханова, С.Бәйішев атындағы ОӘҒК директорының міндетін атқарушы А.Қырымқұлова, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Асанов, ақын Н.Қалауов, облыстық зағип жандар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының директоры Г. Хамзина, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қ.Райымбаева, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры  Г.Қалдина, Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры С. Хакимова, сондай-ақ кітапханалар қызметкерлері қатысты. Алдын ала сауалнама облыс кітапханалары арасында жүргізілген еді. Таңдауға С.Боранбайұлы, Т.Жармағанбетов, Ө.Қанахин, С.Баймолдин, С. Жиенбаев, І.Мәмбетов, Ә.Нұрпейісов, Т.Шонанұлы, Н. Байғанин, Б. Күлеев, А.Өтегенов, Е.Ашықбаев шығармалары ұсынылды. Алқа мәжілісінің шешімімен, Сарышолақ Боранбайұлының (1858–1929 жж.) шығармалары 2019 жылдың таңдауы ретінде айқындалды. Сарышолақ  шайыр — ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысы аралығында өмір сүрген қазақтың көрнекті ақыны. Ол Шалқар өңірінде дүниеге келген. Нұрпейіс Байғаниннің «Ақын» толғауында Сарышолақ шайырдың өмірі жөнінде баяндалған.

«Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында арнайы іс-шаралар жоспары жасалып, облыс кітапханаларында жыл бойы Сарышолақ Боранбайұлының шығармаларын насихаттау үшін, ақындар мүшәйрасы, жыршылар сайысы, айтыс және ғылыми конференциялар өткізілетін болады.

 Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ,

С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-  

ғылыми кітапханасының қызметкері.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*