Басты бет » Білім » Мұғалімдер жасанды шыңға шықты

Мұғалімдер жасанды шыңға шықты

Ақтөбе қаласындағы жас туристер стансасында «Спорттық туризм — оқушыларды физикалық тәрбиелеудегі маңызды құрал» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

Шара Елбасы Жолдауындағы «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында ел аймақтары бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту, қала және облыс мектептерінде спорттық-туристік жұмыс сапасын көтеру, бұл бағытта шеберліктің әдістерін меңгеру мақсатында ұйымдастырылды.

Аудандар мен қала мектептерінен қосымша білім беру педагогтары және денешынықтыру пәні мұғалімдері қатысқан семинар теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Семинардың теориялық білім беру кезеңінде «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсету. Құтқару жолдары», «Спорттық бағдарлау туралы жалпы түсінік және картамен жұмыс»  тақырыптары бойынша дәрістер оқылса, практикалық бөлімде түйін байлау, зеңбіл байлау әдістері, көтерілу және түсу техникасынан шеберлік класы өткізіліп, шыңға өрмелеу техникасы және шаңғымен спорттық бағдарлаудан практикалық сабақтарда қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.

Мұғалімдер семинар барысында жумармен көтерілу, сегіздікпен түсу, жасанды шыңға шығу, түйін байлау, қысқы бағдарлау әдіс-тәсілдері бойынша жұмыс жасап, шеберліктерін жетілдірді.

Семинар соңында қатысушыларға «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы тарапынан сертификаттар берілді.

Нұржан ЖАЛҒАСБАЙҰЛЫ,

қалалық жас туристер стансасының

педагог ұйымдастырушысы.

Ақтөбе қаласы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*