Басты бет » Жаңалықтар » Үйі өртенген отбасыға көмек көрсетілді

Үйі өртенген отбасыға көмек көрсетілді

9 наурызда облыс әкімі Ақтөбе қаласын аралап жүрген кезінде, оған Ақтөбе темірқорытпа зауыты  ауданындағы бау-бақша ұжымында болған өрт жайында жеткізілді.

Айта кету керек, сол күні таңертеңгілік сағат 10-да бау-бақша учаскесінде аумағы 80 шаршы метр болатын тұрғын үй лезде өртене бастаған. Оқиғаны көзбен көргендер  төтенше жағдайлар департаментіне  шұғыл хабарлап,  өрт сөндіретін үш техника мен  11 маманның көмегімен сағат 11.04-те жалын  сөндірілді. Үйдің ішінен 16 жастағы жасөспірім табылып, ол газбен уланды деген күдікпен дереу ауруханаға жатқызылды. Төтенше жағдайлар департаменті қазіргі уақытта өрттің шығу себебін анықтауда.

Төтенше оқиға туралы хабар ала салысымен Оңдасын Оразалин оқиға орнына келіп, жағдайды өз көзімен көрді. Сол жерде Ақтөбе қаласының әкімдігіне  зардап шеккен отбасыға шұғыл түрде көмек көрсетуді тапсырды. Арнайы жұмыс тобы құрылып, үйі өртенген отбасыға уақытша баспана, азық-түлік, жылы киімдер, ең бірінші кезекте қолданыстағы заттар беріліп, олармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері 2018 жылдың қазан айында бау-бақша учаскесіндегі тұрғын үйлерді аралау кезінде, осы үйде тұратын азаматтарға өртке қарсы қауіпсіздік шараларын  түсіндіріп, арнайы  нұсқау берген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.   

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*