Басты бет » Жаңалықтар » Үш бөлмелі үйге көштік

Үш бөлмелі үйге көштік

Съезден соң

Биылғы жылы жастармен қатар жас аналарға да көп көмек болады. Президенттің өзі  кешегі «Нұр Отан» партиясының съезінде көпбалалы отбасындағы әр балаға 21 мың теңгеден беруді тапсырды. Бұл біздің отбасымыз үшін жағымды жаңалық болды. Менің жасым 32-де, алты балам бар. Алды 15-те, кенжесі 4 жасар. Өзім үй шаруасындамын, жолдасым құрылыс саласында жұмыс жасайды. Өткен жылы отбасымызбен бірге армандаған үш бөлмелі жаңа үйге көштік. Қуанышымызда шек болмады. Балаларым бақытқа кенеліп, төбелері көкке жеткендей болды. Бірден барлық мәселе шешілмейді. Шыдамдылық пен сабырлылық керек. Біз бұл күнді 9 жыл күткен едік.  Бұған дейін жаңа үйлерге жыл соңында кіруші еді. Биыл жыл басында 50 жастың үйге ие болуы көптің үмітін бірлеп, көңілімізді көтерді. Оның үстіне Елбасымыз ана мен баланың жағдайын жақсартып, тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 40 мың пәтер салынатынын айтты.

Марина НҰРЖАНОВА,

көпбалалы ана.

Қобда ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*