Басты бет » Мереке » Қыз-келіншектерге де көмектесемін

Қыз-келіншектерге де көмектесемін

Жауқазын Жайманованың тағдыры ақ боз атты ханзаданы күтіп, әсем той жасап, ертегілердегідей бақытты болып, барша мұратына жетуге асыққан кәдімгі арулардың арманындағыдай-ақ басталған… Мектепті өте жақсы тәмамдап, университетті де қатарының алды болып аяқтап, мектепте жұмыс істеді, кейін өзі оқыған жоғары оқу орнында мұғалім болып еңбек етті. Тұрмыс құрды. Балалы-шағалы болды. Барлығы да керемет еді…

Жауқазын жазмыштан озмыш жоқ екенін біледі. Бірақ адам алға қарай ұмтылса, еш қиындыққа қарамастан, өз мақсатына жетуге талпынса, оған ештеңенің, ешкімнің де кедергі болмайтынын түсінді.

…Ол үш сәбиімен жалғыз қалғанында қатты қиналды. Жиналып қалған қарыздарынан қалай құтыларын да білген жоқ. Оның үстіне жұмысынан алатын жалақысы әрі тартса — бері, бері тартса — әріге жетпейтінін білгеннен кейін ақша табудың басқа жолдарын іздей бастады. Материалдық қиыншылықты шешу үшін ол өзін басқа салаларда бақылап көрмекке бекінді:

— Mary Kay компаниясының ұлттық лидері Салтанат Ідірісовамен танысқаннан кейін сол кісіге ұқсағым келді, осы кісінің командасында жұмыс істегім келді де, бірден телефон шалдым. Ол кісі маған көмектесуге дайын екенін айтып, өз командасына алды. Бастапқыда қиын болды, себебі мен желілік бизнесте жұмыс істеп көрмеген едім. Зат сату қолымнан келмейтін. Кейін мен бұл салада команда құрудың маңыздылығын түсіндім. Бүгінде менің командамда 600-ден астам адам бар. Команда құру басқа адамдардың басын қосып, бір мақсат-мүддеге жұмыс істеуге мүмкіндік береді, команда саған күш береді, адамның рухани тұлға ретінде қалыптасуына себепші болады, — дейді ол.

Жауқазын батыл шешім қабылдап, балаларына үй күтушісін жалдап, осы бизнестің бар берерін алуға тырысты.

— Менің бастапқыда үй күтушісіне беретін ақшам да болмады. Бірақ алдыма қалайда осы үш баланы қатарынан кем қылмай өсіремін деген мақсат қойдым. Косметика сатып, байып кеткен адамды көргеніміз жоқ деп айтушылар да болды. Бірақ мен тек өз мақсатымды ғана көрдім және сол мақсатыма жету үшін уақытпен санаспай еңбек еттім, — дейді ол.

Жауқазын күн сайын қыз-келіншектермен бірнеше кездесулер өткізіп, сұлулық кластарын ұйымдастырып, үйіне қас қарайғанда келетін. Оның еңбексүйгіштігі, шыдамдылығы, қиындыққа мойымайтын қайсарлығы арқасында табыс көп күттірген жоқ. Бір жылдың ішінде қордаланып қалған қарыздарынан құтылды. Пәтерін алды, өзі жұмыс істейтін косметика компаниясы тарапынан темір тұлпар да тегін сыйға берілді. Оның жалақысы бүгінде жеті таңбалы саннан тұрады.

— Мен ешқашан дәл осындай жеңіске жетемін деп ойламаған қарапайым әйел едім. Бүгінде өзім секілді әйелдерге, қыз-келіншектерге қосымша табыс табуға көмектесіп отырмын. Қай салада да алғашқы қадам қиын болады, алайда шешім қабылдадың екен, осы шешімге адал болып, күн сайын мақсатқа жету жолында әрекет етсеңіз, сізді жеңіс күтеді, — дейді ол…

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*