Басты бет » Басты жаңалықтар » Халықтық кеңсе қызметі оң бағаланды

Халықтық кеңсе қызметі оң бағаланды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласындағы Халықтық кеңседе болды.

Ол осында келушілермен сөйлесіп, Халықтық кеңседе орналасқан тұрғындарға қызмет көрсету орталығы, жұмыспен қамту, миграциялық қызмет, құқықтық қызмет, цифрлық қызмет, сондай-ақ «Қазпошта» және Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры бөлімшелері жұмыстары сапасымен танысты.

Халықтық кеңседегі барлық қызметтер «бір терезе» принципі бойынша көрсетіледі. Қала тұрғындары мемлекеттік органдар басшыларының қабылдауына жазылып, арыз-шағымдарын қалдырып, тұрғын үйге, балабақшаға және жерге кезекке тұрып, кәсіпкерлер үшін мемлекеттік бағдарламалар мен бизнесті дамыту бойынша кеңестер ала алады. Жалпы алғанда, мұнда мемлекеттік қызметтердің әрқилы 600-ден астам түрі көрсетіледі. Биылғы ақпанда Шалқар қаласында да Халықтық кеңсе ашылды.

Оңдасын Оразалин мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары деңгейі Мемлекет басшысы тапсырмалары аясындағы тұрғындардың тіршілік сапасын көтеру көрсеткіштерінің бірі екендігін атап көрсетіп, Халықтық кеңсенің жұмысын жақсы деп бағалады.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*