Басты бет » Жаңалықтар » Сенаторлармен кездесті

Сенаторлармен кездесті

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Аңсар Мұсахановпен, Марат Тағымовпен және Мұхтар Жұмағазиевпен кездесті.

Облыс басшысы Парламент мүшелерін Елбасы тапсырмаларын орындау аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әлеуметтік мәселелерді шешу және ақтөбеліктердің әл-ауқатын арттыру шаралары туралы хабардар етті.

Кездесу барысында сондай-ақ  агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру, жол инфрақұрылымын дамыту, облыстың елді мекендерін абаттандыруға қатысты мәселелер талқыланды.

Сенаторлар облысқа ел Президентінің «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде айтқан негізгі тапсырмаларын түсіндіру мақсатында жұмыс бабымен келген. Олар Хромтау, Алға және Мәртөк аудандарындағы елді мекендердің тұрғындарымен кездеседі, сонымен қатар облыстағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысады.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*