Басты бет » Жаңалықтар » Биыл «Мұрагер» балық зауыты іске қосылады

Биыл «Мұрагер» балық зауыты іске қосылады

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары  Марат Тағымов, Мұхтар Жұмағазиев және Аңсар Мұсахановтар жұмыс сапарымен облысымызға келді.

Депутаттар алғашқы күні «Мұрагер» ЖШС балық өсіру зауыты мен «Грин капиталл Қазақстан» ЖШС жылыжай кешенінде болды.

«Мұрагер» балық өсіру зауыты биыл іске қосылмақ. Әзірге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, балық өсіретін алаңдар дайындалып жатыр. Жобаның қуаттылығы жылына  1500 тонна балық өнімін өндіруге мүмкіндік береді. Онда африкалық жайындар өсірілуде. Зауытта 42 адам жұмыс жасайды.

Одан кейін жылыжай кешеніне барған депутаттар ондағы өнімнің дайындалу барысымен танысты. Жылыжай кешені сәуір айының басында алғашқы өнімін ала бастайды.

«Грин капиталл Қазақстан» ЖШС директорының орынбасары Дейонг Корнелиса Дриктің айтуынша, әр шаршы метрден 80 келіге дейін қызанақ алу жоспарланып отыр. Өнім Ресей Федерациясы мен еліміздің ішкі сауда желілеріне шығарылады. Мұнда 50 маман жұмыс істейді. Аталмыш компания алдағы уақытта жылыжайдың ауданын 20 гектарға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Сапарымыздың басты мақсаты — Елбасымыздың «Nur Otan» партиясының съезінде айтқан сөздерін халыққа түсіндіріп, Президент тапсырмасының өңірде  жүзеге асырылуын көзбен көру. Үш күн бойы облыстың бірнеше аудандарына барып, шаруашылықтарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесетін боламыз,— деді Сенат депутаты Марат Тағымов журналистерге берген сұхбатында.

 Самат НАРЕГЕЕВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*