Басты бет » Жаңалықтар » Оңдасын Сейілұлы ОРАЗАЛИН

Оңдасын Сейілұлы ОРАЗАЛИН

Тағайындау

О.С.Оразалинді Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы

 Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті                           Н.НАЗАРБАЕВ.

 Астана, Ақорда, 2019 жылғы 26 ақпан №857.

 

Оңдасын Сейілұлы ОРАЗАЛИН

1963 жылы туған.

1985  жылы Ақтөбе педагогикалық институтын, 1991 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1985-1986, 1987-1988 жылдары — Ақтөбе педагогикалық институтының оқытушысы.

1988-1990 жылдары — Ақтөбе педагогикалық институтының комсомол комитетінің хатшысы.

1990-1993 жылдары — жарнамалық ақпараттық-коммерциялық агенттіктің бөлім бастығы.

1993-1999 жылдары — «Банк «Рика» ААҚ басқарма төрағасы.

1999-2000 жылдары — «Облтрансгаз» ЖАҚ, «Ақтөбегаз» ЖАҚ басқарма төрағасы.

2000-2003 жылдары — Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының әкімі.

2003-2004 жылдары — Ақтөбе облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының бастығы.

2004-2005 жылдары — Ақтөбе облысы ішкі саясат департаментінің директоры. 2005-2006 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2006-2007 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2007-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2008 жылдың наурыз бен қазан айлары аралығында — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және кадрлық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2008-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2014-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.

Соңғы тағайындалуға дейін 2017 жылдың 22 наурызынан бастап ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

«Құрмет» орденімен (2008) және 3 медальмен марапатталған. Орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*