Басты бет » Экономика » Облысымызда «ЭКСПО-2017»-нің алты жобасы енгізілді

Облысымызда «ЭКСПО-2017»-нің алты жобасы енгізілді

Облыс әкімдігінде Елбасының 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының жүзеге асырылуына талдау жасалғанжиында кәсіпорындарды жаңғырту, цифрландыру, өнеркәсіпті дамыту мәселелері қаралды.

«2018 жылы 85 миллиард теңгеге 55 кәсіпорын жаңғыртылды. Бұл кәсіпорындарда мұнай мен газ өндіру — 10%, ал еңбек өнімділігі 15% өскен. 2019 жылы 85 миллиард теңгеден астам қаражатқа елуден аса кәсіпорын жаңғыртылады. Алдағы бесжылда 600 миллиард теңгеге кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру жоспарланып отыр», — деп есеп берді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 5,5 млрд теңге сомаға облыс аумағында «ЭКСПО-2017»-де көрсетілген жаңа технологиялардың алты жобасы енгізілді.

Маңызды жетістіктердің бірі — құны33 млрд теңге болатын жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаны жасау үшін ENI және General Electric трансұлттық корпорацияларын тарту болып табылады. 2022 жылға дейін 60,6 млрд теңгеге ЭКСПО технологияларын енгізе отыра, тағы 15 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Соңғы екі жылда өнеркәсіп өсімінің қарқыны 5%-ды құрайды. Өңдеу өнеркәсібіндегі физикалық көлемнің индексі  108,8% құрады. Өңір өнеркәсібінің жалпы құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 9% ( 24%-дан 33%-ға дейін) өсті.

Президенттің экономика салаларын цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында білім беру, денсаулық сақтау, көлік, ТКШ мен қауіпсіздік сынды бес басым бағыт бойынша жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде балабақшаға кезекке тұруды қалыптастыру және жолдама беру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Денсаулық сақтау нысандары интернетпен 100% жабдықталған.

Ақтөбеде «Смарт сити» тұжырымдамасы аясында автобус паркін GPS-трекерлермен жарақтандыру, қоғамдық көлікті диспетчерлейтін орталық қызмет, «АктобеBUS» мобильді қосымшасы, «ақылды қондырғылар» сынды «Ақылды көлік» жобалары жүзеге асырылды. Қалалық бағыттағы он автобусқа пилоттық режимдегі электронды билет жүйесі орнатылған.

Экономиканың аграрлық секторын цифрландыру да белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 516,1 миллиард теңге инвестиция тартылған. 60,4 млрд теңге сомаға 11 инвестициялық жоба енгізілді. Олардың ішіндегі ең үлкені — құны 45 млрд теңге болатын «Gas processing Company» ЖШС газ өңдеу кешені.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірде шағын және орта бизнес индикаторларын арттырудың оң динамикасы байқалады.

Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов Президент Жолдауының білім беру, денсаулық сақтау және жастар саясаты салаларындағы «Адами капитал — жаңғырудың негізі» тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады.

«Біз былтыр Мемлекет басшысының барлық салалар бойынша 138 тармақтан тұратын Жолдауын орындау шараларының жоспарын қабылдадық. Өз орынбасарларыма, жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына жоспардың барлық тармақтарының жүзеге асырылу барысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын. Облыс экономикасын әрі қарай дамытып, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін Елбасы тапсырмасын сапалы жүзеге асыруымыз керек», — деді жиынды түйіндеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*