Басты бет » Жастар » Үш кәсіп, бір ұстаным

Үш кәсіп, бір ұстаным

Былтыр «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасы аясында 165 ақтөбелік жас өзінің бизнес идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік алып, кәсіпкер атанды. Республикалық жоба жеңімпаздарының жетістігі де одан әрі көбірек адамтартуға әсерін тигізді.Сондықтан жобаны жалғастыру үшін биыл жергілікті бюджеттен 40 млн теңге бөлінбек. Сондай-ақ,Ақтөбеде жастардың бастамаларына көмектесетін арнайы тәлімгерлер оқытылды.

Гүлшаттың жылыжайы

Егер сен үй шаруасындағы әйел болсаң, отбасыңды жас көкөніспен қалай қамтамасыз етуге болады және мұқтаж жандарға қалай көмектесу керек?

Әйтеке би ауданыныңКомсомол селосында тұратын 23 жастағы Гүлшат Әбдібекованың өмірі «Zhas project» жобасының арқасында түбегейлі өзгерді. Осыдан бір жыл бұрын ол өзінің жаңадан іс бастаған кәсіпкерге айналатынын елестете де алмаған еді.

Бүгінде Гүлшаттың әр күнініңбір минуты да бос емес. «Демалатын уақыт жоқ, бәріне көмектесу керек»,— дейді ол. Екі баланың анасы аталған жобаға қатысып, жылыжай салып, пияз егу ісінжолға қойды. Жүйектер күніне шамамен 5-6 бас пияздан береді. Әбдібековтер отбасы өздеріне аз бөлігін алып қалып, қалғандарын мұқтаж жандарға таратады, балабақшалар мен мектептерге апарады.

«Жылыжай салу ойы кенеттен келді. Жолдасым екеуміздің бұл істе арнайы біліміміз жоқ. Жылыжай ісінің қыр-сырын интернеттен қарадық, басқалардан сұрастырдық. Енді біздің ауылдастарымыздың дастарқанында әрдайым жас пияз болады», — дейді ісін енді ғана жолға қойған кәсіпкер келіншек.

Бастапқы қиындықтар бүгінде артта қалып, ісі жақсы жүріп тұр. Гүлшаттың ауласында қазір бір ғана көшетхана бар.Бірақ жас кәсіпкер енді басқа көкөністер өсірумен айналысуды да ойлап жүр. Жоспары бойынша, алдағы уақытта қызанақ пен қияр өсірмек.

 «Өзіме ұран тастадым»

27 жастағы ақтөбелік Гүлфайра Рамазанова арбаға таңылған жандарға ішкі күдіктерін жеңіп, сүйікті ісін бастаудыңқаншалықты қиынға түсетінін жақсы біледі. Гүлфайра бала күнінен мүгедек болса да, бұл халініңөзгелерге көмектесу үшін еш кедергі еместігіне сенетін. Алайда жәрдем беруді қалай бастауға болатыныносы уақытқа дейін білмей келді.

«Zhas project» жастар жобасы туралы естігенде, жобаға қатысуға деген құлшыныс пайда болды. Ақтөбелік қыз бір миллион теңге алып, бұл қаржыға жабдықтар сатып алды да, өзінің фотошеберханасын ашты. Енді Гүлфайра мүмкіндігі шектеулі жандар меназ қамтылған отбасылар балаларынфотосурет өнеріне баулып жүр.

Гүлфайра: «Мен өзіме ұран тастадым да, көп нәрсені істей алатынымды түсіндім»,— дейді. Әрине, мұны мақтанышпен айтуына әбден болады.

Қазірге дейін жиырмадан астам адамды оқытты. Енді осы игі ісін жалғастыру үшін ол өз біліктілігін арттырғысы келеді.

«Адамдар менің немен айналысатынымды білгенде, олардың көздерінен бұрынғыдай мүсіркеу емес, таңғалып, риза болып тұрғандарын байқаймын»,— дейді Гүлфайра.

Ақшаның орнына «рақмет» айтады

Рахат Бақдәулетовтің өз ісін ашу жолындағы қадамы әлеуметтік желілер арқылы жарнама таратудан басталған. Осылайша ол миллион теңге алуғамүмкіндік ұсынылатыны,оқу мен ай сайынғы шәкіртақы туралы біледі. Жобаның арқасында жас жігіт Ойыл ауылында тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды оңалту үшін иппотерапия орталығын ашты. Оның үстіне, ерекше балаларды емдеу тегін жүргізіледі.

Жылқылар тұрған аула жергілікті емхананың аумағында орналасқан. Рахат сатып алған екі жылқы кішкентай емделушілер үшін «дәрігер» қызметін атқарып жүр. Рахаттың өзі бұрынғы жұмысын тастамаған, әлі де мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. «Неге жылқыны таңдадың?» деген сұраққа жас жігіт: «Жылқыға деген сүйіспеншілік қазақтың қанында бар» — деп, күліп жауап береді.

Бүгінде иппотерапия орталығына жиырма ерекше бала барып жүр. Ауылда 24 жасар жігіттің қайырымдылығы жайлы бәрі біледі. Бірақ ол атақтың да, пайданың да қажет еместігін, тек мүмкіндігі шектеулі балаларды қуантқысы келетінін айтады.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*