Басты бет » Ауыл » Ауыл шаруашылығы: нәтижелер мен межелер

Ауыл шаруашылығы: нәтижелер мен межелер

Жыл қорытындысы

Ең жоғары қарқын

Облыс 2018 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны жөнінен республика бойынша ең жоғары деңгейде, 228 миллиард теңге көлемінде,

6,2 пайыз  болды.

Астықтың жалпы өнімі алдыңғы жылға қарағанда өткен жылы 514 мың тонна құрады, орташа түсім гектарына 11,7 центнерден айналды.

Суармалы жерлердің алқабы 21,6 мың гектардан 30,2 мың гектарға ұлғайды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдары егісі 11,5 пайыз өсті, 656 мың гектардан 731,4 мың гектарға жетті.

Өсімдік шаруашылығында өткен жылы егіс жұмыстары 758,4 мың гектар алқапқа жүргізілді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 102,4 мың гектар немесе 15,6 пайыз артық орындалды.

Жалпы егіс құрылымында әртараптандыру жұмыстарын жүргізудің арқасында дәнді дақылдардың үлесі 2017 жылмен салыстырғанда 59,4 пайыздан

58,5 пайызға дейін төмендеді, мал азығының үлесі 32,6 пайыздан 33,4 пайызға дейін, майлы дақылдардың үлесі 6,3 пайыздан 6,6 пайызға дейін артты.

Өткен жылы егін жинау жұмыстары сапалы және уақтылы жүргізіліп, 440 мың гектар алқаптың дәнді дақылдары жиналды. Сонымен қатар картоп дақылдары бойынша 108,3 мың тонна, бақша дақылдары бойынша 20,2 мың тонна, көкөніс дақылдары бойынша 84,9 мың тонна, майлы дақылдар бойынша 15,4 мың тонна өнім алынды.

2019 жылдың егісіне жер дайындау мақсатында 250,2 мың гектарға өңдеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 80 мың гектар сүдігер, 170,2 мың гектар сүр жыртылды.

Облыс бойынша 2018 жылы 3,3 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 236 пайызға артық.

Мал азығының бір жарым жылдық қажеттілігі 2 356,4 мың тонна құраса, облыс шаруашылықтары 2 460,0 миллион тонна немесе қажеттіліктің 104,4 пайызын дайындап, жергілікті тұрғындарды және қыстақтарды толықтай қамтамасыз етті.

Жалпы көлемі 6,7 гектар болатын 5 жылыжай іске қосылып, жылыжайлар саны

23-ке, барлық жер көлемі 32 гектарға жетті.

Көктемгі егіске қажетті дәнді дақылдар тұқымдары құйылды. Ол бірегей және элиталы, бірінші, екінші және үшінші репродукция тұқымдарын құрайды.

Мал көбейіп, өнім молайды

Мал шаруашылығында өткен жылы мүйізді ірі қараның саны 9 пайыз, жылқы

14,2 пайыз, қой-ешкі 2,2 пайыз, түйе 1,1 пайыз көбейді. Мұнымен бірге, ет өндіру 7,8 пайыз, сүт 3,9 пайыз, жұмыртқа 24,4 пайыз молайды.

Экспортқа ет шығару көлемі 4,7 есе өсіп, 2,5 мың тонна құрады.

Етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында облыста жаңа ірі қара мал шаруашылығы мен 50 қой шаруашылығы фермасын құру жоспарланып, бүгінгі күні 209 ірі қара шаруашылығы мен 56 қой шаруашылығы құрылды.

Жайылымдық жерлерді суландыру үшін 90 құдық (ұңғымалар) қазу жоспарланып, бүгінгі күні 104 құдық қазылды.

Қаржылық институттар мен несиелік серіктестіктер арқылы ауыл шаруашылығын қаржыландыру мақсатында облыс аумағында жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы құрылымдарына 25,4 миллиард теңге бөлінді.

Түрлі бағыттар бойынша 1 620 жобаларға несиелер берілді.

Ауыл шаруашылығына 678,8 мың гектар аумақта 399 учаскелер, оның ішінде жайылым үшін 36, 5 мың гектар жер бөлінді.

Жалпы көлемі 394,1 мың гектар көлеміндегі 308 участке, оның ішінде 39,4 мың гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды.

Өңірде ауыл шаруашылығын цифрландыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жерлерін электрондық картаға енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні жыртуға жарақты 700,9 мың гектар жер толығымен цифрландырылып, сондай-ақ жайылымдық жерлердің 52,3 пайызы (4 400 мың га), шабындықтың

68,2 пайызы ( 95,4 мың га) электрондық картаға енгізілді.

Облыс бойынша 190-ға жуық ауылшаруашылық кооперативі жұмыс істейді. Жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктірудегі басты мақсат —ауылдардағы малдардың өнімділігін арттыру.

Қазіргі кезде кооперативтердің нақты нәтижелері бар, 2,9 мың тоннадан астам ет өндіріліп, өткізілді. Бұл 2017 жылғы деңгейден 18,5 есе көп. 1,7 мың тонна сүт өндіріліп, өсім 190 пайыз құрады.

Ірі кластер «АкТеп» ЖШС-ы айналасында кооперациялық негізде 350-ге жуық фермерлік шаруашылық жұмыс істейді, әріптестер бір-біріне мал азығын дайындауға, лизингке техника алуға, басқа да шаруаларына жәрдемдеседі.

Ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес салаларын дамытудың маңызы зор. Бүгінгі күні 263 жоба жүзеге асырылды, оның 75 жобасы 2018 жылы ашылды.

Дәстүрлі емес шаруашылықтар дамыды

Дәстүрлі емес шаруашылықпен бүгінгі күні: сүтті ешкі өсіру бағыты бойынша 57, ара өсіретін 17, қоян — 38, бөдене — 58, марал — 1, қаз — 49, үйрек 43 шаруашылықтар мен аулалар айналысады.

Осы шаруашылықтардан 23 тонна ара балы, 220,5 тонна ешкі сүті, 6 тонна қоян еті, 3 миллион дана бөдене жұмыртқасы, 134 тонна құс еті өндірілді.

Сондай-ақ облыс аумағында республика бойынша ең үлкен таңқурай алқабы бойынша жұмыстар жүрді, 45 гектардан өнім жиналды. Алдағы 2-3 жылда алқап көлемін 150 гектарға жеткізу жоспарланды.

Өткен жылы 430 миллион теңгеге 1,1 гектар болатын құлпынай өсіретін жылыжай кешені салынып, құрылысы толық аяқталды. Ағымдағы жылдан бастап жылына

60 тонна құлпынай өнімін алу көзделуде.

Сондай-ақ, құны 1,2 милиард теңгені құрайтын жасанды су қоймасында африкалық жайын өсіру жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның іске қосылуы 2019 жылға белгіленген. Жоспар бойынша жылына 2 мың тонна өнім өндіріп, экспортқа шығару көзделіп отыр.

Бүгінгі таңда облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығарумен айналысып отырған 17 кәсіпорын бар.

Субсидия және несие

Ауыл шаруашылығы құрылымдары 155 трактор, 9 егін ору комбайны және 299 өзге де ауыл шаруашылығы техникалары сатып алды.

Машина-трактор паркінің жаңару көрсеткіші 1,8 пайыз құрады.

Өткен жылы мал шаруашылығы саласына барлығы 5 684,6 миллион теңге, өсімдік шаруашылығы саласына 718,8 миллион теңге, қайта өңдеу саласына 858,0 мың теңге,  қаржылық сауықтыруға 201,7 миллион теңге, несие және лизингтік шарттардың сыйақыларын субсидияларға 449,9 миллион теңге және инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге

2 663,9 миллион теңге көлемінде субсидиялар берілді.

Қазақстанның барлық аймақтарымен, сонымен бірге Ресей Федерациясы мен Өзбекстанның таяу облыстарымен аймақаралық кооперация аясында әріптестік орнатылды.

2018 жылы тауар айналымы 13,8 миллиард теңге құрап, көптеген азық-түлік тағамдарының бағаларын төмендетуге және ұстап тұруға мүмкіндік берді.

Белгіленген мақсаттар мен бағыттар

Осы жылы тауар айналымының көлемін 20 пайыз ұлғайту көзделуде. Жалпы 2019 жылы ауыл шаруашылығы саласының алдында тұрған міндеттер мен мақсаттар зор.

Мал шаруашылығында  сиыр етін экспорттауды екі есеге арттырып, 4,0 мың тоннаға жеткізу көзделуде.

Бордақылау алаңдарына 26,0 мың бұқашықтар тапсыру керек.

Шетелден 10 мың бас мүйізді ірі қара импорттап, 180 жаңа мүйізді ірі қара шаруашылығын құру және 30 мың қой аналығын сатып алып, 117 жаңа қой шаруашылығын құру белгіленген.

Тұқымдық түрлендіруге қатысатын ірі қара мал аналығы үлесін 34,0 пайызға, қой аналығы үлесін 19,7 пайызға жеткізу қажет.

Жаңадан 3 тауарлы сүт фермаларын құру көзделген. Жайылымдық жерлерді суландыру үшін 100 құдық (ұңғыма) қазу керек.

—Жылды лайықты қорытындылай келіп, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласында белгіленген мақсаттар мен барлық бағыттар бойынша қойылған индикаторлар бақылауға алынып, орындалуы бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда, — деп сендіреді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай.

 Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ,

(Материал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректері бойынша әзірленді).

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*