Басты бет » Басты жаңалықтар » Әлеуметтік саланың жетістіктері

Әлеуметтік саланың жетістіктері

Жыл қорытындысы

Жұмыс пен табыс

Өткен жылы облыста 20,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 65 пайызы — тұрақты жұмыс орындары.

2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында облыс бойынша 49 761 адам жұмыспен қамтылды. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылғандардың жартысына жуығы — 16-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыз-келіншектер.

Сондай-ақ, техникалық және кәсіптік оқытуға —1085 адам, ал қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2676 адам жіберілген. Оқыту 21 колледж және жұмыс берушілердің 9 оқу орталығында жүргізілді. Мысалы, Ақтөбе-Атырау-Астрахан жолдарын жөндеуге «Сервис-К» орталығында 104 адам оқып, олардың 84-і жұмысқа орналасқан. Жалпы, еңбек нарығына қажетті 60-тан астам мамандық бойынша оқыту жүргізілген.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында 2231 адам оқытылып, кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алған. Олардың ішінде 516 адам өз жобасын табысты қорғап, несие алды.

2018 жылы 5 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі жарияланды. Төртінші бастамада жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеңілдетілген шағын несие беруді көбейту көзделді. Өткен жылы шағын несиелеу бойынша 997 адам несие алған. Олардың үштен бірі — жастар.

Елбасы үндеуінде, әсіресе, ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке тартудың айрықша маңыздылығы атап көрсетілген еді. Өткен жылы шағын несие алғандардың 92,3 пайызы — ауыл тұрғындары. Биылғы жылы да ауыл тұрғындарына 976 жоба бойынша 3 миллион 850 мың теңге көлемінде несие беру көзделген.

Сонымен қатар, былтыр әлеуметтік жұмыс орындарына — 2024 адам, ал жастар тәжірибесі бойынша 2587 адам жұмысқа орналастырылған. Биыл облыста тағы да 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Облыс бойынша орташа айлық еңбекақы көрсеткіші 9,4 пайызға өсіп, 133,7 мың теңгеге жетті. Облыс басшылығының еңбекақыны көтеру жөніндегі бастамасы көптеген кәсіпорындар басшылары тарапынан қолдау тауып, соның арқасында биыл 176 кәсіпорында еңбекақы, орта есеппен, 10 пайызға өседі. Бұл жалпы саны 32 мың еңбеккерді қамтиды. Бұл бағыттағы жұмыстар алда да жалғасатын болады.

Сондай-ақ, биылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі еңбекақы 1,5 есеге өсті. Осыған орай өңір бойынша 70 мыңнан астам адамның жалақысы өсіп отыр. Ал салық жүктемесін азайту арқылы еңбекақыны өсіру облыс бойынша 92,6 мың адамның айлығына оң әсерін тигізді.

Басты мәселе — баспана

Елбасы үндеуінде жария етілген «7-20-25» бағдарламасы арқылы өткен жылы облыста 216 өтінім мақұлданған. Биыл осы бағдарламаны іске асыру аясында, бюджеттік қызметкерлерді, әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін қолдау үшін бастапқы жарнаны 10 пайызға азайту мақсатында бюджеттен 2 миллиард теңге қаржы бөлу жоспарланған.

Сондай-ақ, өткен жылы да нақ осы, яғни бастапқы жарнаны 10 пайызға азайту мақсатында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен меморандумға қол қойылған еді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен аталмыш банктің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қол қойған меморандумға сай, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналы болуға ниет білдірген азаматтарды қолдау көзделді. 2018 жылы бұл бағдарлама аясында облыста 2,5 мың пәтер пайдалануға берілген. Олардың жалпы ауданы — 185,3 мың шаршы метр.

Өткен жылы облыста «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ филиалы арқылы 3740 салымшы баспаналы болды. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 1,5 есеге жуық жоғары. Баспаналы болғандар арасында 50 мың теңге табыспен заем рәсімдеп, пәтер алғандар да жетерлік. Олардың саны — 542 адам.

Былтыр облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына 11,4 мыңнан астам жер телімі бөлінді. 2019 жылы 12 мың жер телімін беру жоспарланған.

Жылу, жарық және баға

Өткен жылы облысты газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасты. Алға ауданының 700-ден астам тұрғыны бар Ақай ауылына, Хромтау ауданындағы 300 адам тұратын Жазық стансасына, т.б. елді мекендерге көгілдір отын апарылды. Ақтөбе қаласында жалпы ұзындығы 10,5 шақырым болатын газбен жабдықтау желілері жүргізілді.

Бүгінгі күні облыстағы 369 елді мекеннің 120-сы газдандырылған. Бұлар — халықтың басым бөлігі шоғырланған ірі елді мекендер. Облыс тұрғындарының 88,5 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Ал кейбір аудандарда бұл көрсеткіш облыстық деңгейден жоғары, мысалы, Хромтау ауданында — 93 пайыз.

Алдағы жылы облыс бойынша көгілдір отынмен қамтылған тұрғындар үлесін 90 пайыздан асыру көзделіп отыр. 2019-2020 жылдары облыста 13 елді мекенде газдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінгі күні облыста елді мекендер 100 пайыз электр жарығымен қамтылған. Өткен жылы Ақтөбе қаласы аумағындағы бірнеше елді мекенде электрмен жабдықтау және ішкі электр желілерін салу жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша 855,58 шақырым болатын желілер мен 226 трансформаторға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал алдағы жылдары облыста үш жел электр стансасын салу жоспарланған.

Сапалы ауызсу — денсаулық кепілі. 2018 жылы облыста сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту мақсатында 27 жоба іске асырылды. Бұл үшін 6,6 миллиард теңге қаржы жұмсалған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтер үшін тарифтер төмендетілді. Атап айтқанда, көгілдір отын және жылумен жабдықтау бойынша — 10,2 пайыз, электр қуатына — 3 пайызға және ауызсумен жабдықтау бойынша тариф 5,5 пайызға төмендетілді.

Атаулы әлеуметтік көмек

Өткен жылы облыста 3763 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Мемлекеттік атаулы көмек алушылардың орташа статистикалық әлеуметтік сипатына келсек, барлығы —18515 адам, олардың 63,7 пайызын 18 жасқа дейінгі балалар құраса, балаларды күтумен айналысатын адамдар үлесі — 17,8 пайыз; еңбекке қабілетті азаматтар — 14,6 пайыз,  басқалары 3,9 пайыз болды.

Шартты ақшалай көмек алатын еңбекке қабілетті 1153 азамат жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тартылып, шартты ақшалай көмек алатын 574 отбасына жеке қосалқы шаруашылықты және жеке кәсіпкерлікті дамыту мен ұйымдастыруға бір реттік ақшалай көмек көрсетілді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғау

2018 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 1,82 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл көрсеткіш, 2017 жылы бөлінген қаржымен салыстырғанда, 1,5 есе жоғары.

2018 жылы 12179 мүгедек гигиеналық және техникалық жабдықтармен, протезді-ортопедиялық көмекпен қамтылды. Бұл үшін 955,4 миллион теңге жұмсалған. Сондай-ақ, санаторлық-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етуге 955,4 миллион теңге қаржы берілді. 3307 адамғаарнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілді, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы 290 тұрғынға (мүгедек балалар, қарттар, мүгедектер, т.б.) көмек көрсетілді.

 А.САРЫБАЙ.

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*