Басты бет » Жаңалықтар » Бүгін бос пәтерлерді брондау басталады

Бүгін бос пәтерлерді брондау басталады

Ақтөбеде бүгін, яғни, 8 ақпаннан бастап «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бос пәтерлерді брондау үшін өтініштер қабылдана бастайды. «Нұр Ақтөбе» ауданында орналасқан 3,4 және 9 қабатты үйлерде 400-ден астам пәтер бар. Олардың барлығы таза әрленген және пайдаланылуға берілген үйлер. 

«Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивіндегі 1-шағын аудандағы 17, 18, 29, 38, 43 және 64-үйлер, 2-шағын аудандағы 14-үй және 3-шағын аудандағы 11-үйден баспаналы болуға мүмкіндік бар. 1,2, және 3 бөлмелі пәтерлер бар. Бөлме санына байланысты пәтерлердің шаршы метрінің құны 120-135 мың теңгенің аралығында.

— Алғашқы жарна 20 пайыздан басталады. Несиені жылдық 5 пайызбен алуға болады. Ол үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» шот ашып, бос пәтерді брондау туралы өтінішті беріп үлгеру керек. Пәтер бағалары 5 109 000 теңгеден бастап 11 973 000 теңгеге дейін. Барлық ақпараттарды baspana.kz жылжымайтын мүлік порталынан алуға болады, — дейді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Нұрлан Балғожиев.

Пәтерлерді брондау, бүгін, яғни, 8 ақпаннан бастап 20 ақпанға дейін жалғасады.

Сондай-ақ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ескі бағамен соңғы пәтерлерді сату жалғасып жатыр. «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивіндегі 2-шағын аудандағы 13,14,22-үйлерде аумағы 31,6-49,5 шаршы метр болатын бір бөлмелі пәтерлерді брондау 15 ақпанға дейін жүргізіледі.

— Айта кету керек, бұл үйлер қазіргі нарықтағы бағамен саластырғанда ең арзан үйлер, яғни, шаршы метрі 100 000 теңге болатын 36 пәтер, 110000 теңге болатын 63 пәтер ғана бар.Пәтерлерді брондау үшін банк ғимаратына келуіңіз керек, — дейді Н.Балғожиев.

 Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*