Басты бет » Жастар » Жастарды кәсіпкерлікті дамытуға шақырды

Жастарды кәсіпкерлікті дамытуға шақырды

Кездесу

Кеше облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Павел Казанцев С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы базасындағы коворкинг орталығында болып, «Жас Отан» жастар қозғалысы белсенділерімен кездесті.

Кездесуге негізінен қаламыздағы екі жоғары оқу орны — Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен қазақ-орыс халықаралық университетінің және Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты. Олардың таңдаған мамандықтары да әртүрлі. Басым көпшілігі болашақ инженерлер, педагогтар, заңгерлер, экономистер. Сондықтан осындай құрамда жиналған жас отандықтармен Павел Олегович әңгімені Елбасының, «Нұр Отан» партиясының саясатын жүзеге асырудағы ойларымен бөлісті. Сонымен бірге, өзі ҚР Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің мүшесі болғандықтан, осы бағыттағы қабылданған заңдар туралы кеңірек тоқталды. Әңгіме үстінде жастардың бизнеске, кәсіпкерлік бастауға қызығушылығын білуге тырысып, арасында «Шағын кәсіпкерлікті бастағандарың бар ма?» деп сауал да тастап отырды.

Елбасының Жолдауларында, Парламент тарапынан қабылданған заңдарда шағын және орта бизнесті дамытуға, әсіресе жастардың өз істерін ашуына кең мүмкіндіктер жасалып отырғанына нақты мысалдар келтірді. Бүгінгі «Жас Отан» қозғалысының белсенділері — болашақ нұротандықтар екенін айтып, ел алдындағы жауапкершілікке дайын болуға шақырды. Өзінің өмірлік тәжірибесіне, жастар арасында жүргізген қоғамдық қызметіне сүйеніп, ақыл-кеңестер берді.

Халық қалаулысы мен жастар арасындағы кездесудің соңы еркін сауалдар қойып, пікір алысу түріне ойысып, қызықты өтті.

 Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ. 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*