Басты бет » Білім » Мүмкіндіктердің мәресі — «Мейкатон»

Мүмкіндіктердің мәресі — «Мейкатон»

Халықаралық «Мейкатон» жобасы енді Ақтөбеде өтеді.

Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов «Мейкатон ТОМ: Kazakhstan» жобасының жетекшісі, «Тель-Авив университетінің достары» қауымдастығының вице-президенті  Сәния Араповамен кездесті.

Жиынға бірқатар басқарма басшылары мен қоғамдық ұйымдар және университет өкілдері қатысты.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап,  мүмкіндіктер сыйлайтын үздік әлеуметтік жобалар қатарына енген «Мейкатон» еліміздің бірнеше қалаларында  өткен.  Екі жыл бұрын бұл тың салаға бет бұрып, елімізде жүзеге асыруға күш салып жүрген жоба жетекшісі Сәния Арапова бейнебаян арқылы жобаға қатысушылардың жұмыстары мен тәжірибелерін көрсетті. Оның игілігін көрген жандар көп. Жобаның мақсаты—қатысушылардың иедялары мен құрылғыларын өндіріске енгізу. Кездесуде әлеуметтік жобаны Ақтөбеде өткізу шаралары талқыланды.

Наурыз-сәуір айларында «Мейкатон» жобасы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде жүргізілмек. Оған екі топ бойынша 10 адам қатыстырылады деп жоспарланып отыр.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*