Басты бет » Білім » Ақтөбелік мұғалімдер шипажайда демалады

Ақтөбелік мұғалімдер шипажайда демалады

Семинар

Республика бойынша білім берудегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған көшпелі жұмыс тобы облысымызда болды. Осыған орай Шығармашылық академиясында салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жиыны өтті. Оған өңірдің барлық білім беру мекемелерінің өкілдері мен колледж директорлары шақырылды.

Семинарға қатысқан Қазақстандық салалық білім және ғылым  қызметкерлері  кәсіптік одағы төрайымының орынбасары Айгүл Мұқашева жұмыс тобының басты мақсаттарымен таныстырды. Сондай-ақ кәсіподақтың білім беру қызметкерлері үшін маңыздылығын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

— «Білім саласындағы бүкіл жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін мұндай семинарлар өте маңызды. Осында көтерілген сұрақтар мен мәселелердің шешімін табуға жол ашылады. Салалық кәсіподақ — еліміздегі 800 мың мүшесі бар ең ірі ұйым.  Кәсіподақтың басты мақсаты — мүшелерінің құқығын қорғау. Ұстаз мәртебесін көтеру  аясында Ақтөбе облысы жақсы нәтижеге ие. Жыл сайын кәсіподақ 30-40 мұғалімді «Меркі» шипажайына жіберіп тұрады. Бұл — жоғары көрсеткіш. Биылғы Жастар жылында олармен бірлесіп үлкен жұмыстар жүргізіледі. Сәуір айында Астана қаласында жастар арасында ақындар айтысы ұйымдастырылады. Халықаралық форум өтеді, — деді ол.

Салалық білім және ғылым министрлігінің техникалық және білім департаментінің бас сарапшысы  Қаламқас Алғазина білім берудегі жаңалықтар мен өзгерістерге жеке-жеке тоқталып түсіндірді. Ал мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Айман Дүйсенбаева «Педагог мәртебесі» туралы баяндама жасап, оның қызметі мен міндеттерін айқындайтын арнайы заң аясындағы тараулар мен баптарды саралап берді. Семинарда ұстаздар қойған сауалдарға жауап беріліп, ұсыныстар мен пікірлер талқыланды.

 Самат НАРЕГЕЕВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*