Басты бет » Спорт » Футболдан мектеп лигасы жалғасуда

Футболдан мектеп лигасы жалғасуда

Сенбі күні қала мектептерінің  2-сынып оқушылары арасында футболдан мектеп лигасының ІІ кезеңі  басталды. Аталған кезеңде 74 команда өзара бақ сынаспақ.

Айта кетейік, өткен жылы қыркүйек айында Ақтөбеде футболдан мектеп лигасының екінші кезеңі бастау алған болатын. Миллиондаған жұртшылықтың сүйікті спортына айналған футбол ойынын мектеп оқушылары арасында дамыту мақсатында қолға алынған шараның аталған кезеңі оқу жылының соңына дейін жалғаспақ.

Ақтөбе қалалық спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаровтың айтуынша, 70-тен астам қала мектептерінің 1,2,3-сынып оқушылары мамыр айына дейін өзара футбол ойнап шығады.

—Бұған дейін 76 командадан құралған 3-сынып оқушылары арасындағы жарыс өтті. Бүгін қала мектептерінің  2-сынып оқушылары арасындағы турнир басталды. Жалпы, футболдан Ақтөбе мектеп лигасы турниріне 230-дан астам команда қатысып, 3500 оқушы өзара бақ сынасады, — дейді бөлім басшысы.

Турнирдің жабылу салтанаты мамыр айында Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтпек. Чемпион атанған команда шетелдік футбол академияларының біріне жолдама алса, өзге жеңімпаздар қазақстандық футбол академиясына тәжірибе жинақтауға барады.

— Футбол — менің сүйікті спортым. Бұдан өзге суда жүзгенді ұнатамын. Анам «спорт адам денсаулығына пайдалы» деп үнемі айтып отырады. 6 жасымнан бастап футбол ойынына қатысып жүрмін. Болашақта әлемге әйгілі футболшы болып, еліміздің, Ақтөбенің атын шығарғым келеді. Сол үшін барымша тырысамын, — дейді қатысушылардың бірі Ерасыл Қайрат.

Ақерке САТЫБАЛДЫ. 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*