Басты бет » Әлеумет » Алаяқтарға алданба!

Алаяқтарға алданба!

Қаперіңізде жүрсін

Өткен жылы ақпараттық жүйелер арқылы жасалған алаяқтық бойынша 330 қылмыстық іс тіркелген.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, интернет жүйесі және  «Мобилді банк» қосымшасы арқылы пайда табуды көздейтін алаяқтар көбейген. Олар клиенттің банк шоты, карта және телефон нөмірлері арқылы алаяқтық жасайды.

Мәселен, сіз пәтеріңізді немесе автокөлігіңізді  сату туралы жарнама бердіңіз. Біраз уақыттан кейін сізге хабарласқан адам сатып алатынын, төлемді жіберу үшін банкомат картаңыздың  номерін сұрайды. Сіз ойланбастан номеріңізді жібересіз. Ал алаяқ осы арқылы картаңыздағы ақшаны ұрлайды.  Әдетте олар өздерінің «құрбандарын» арзан баға және қолайлы ұсыныстарымен «қармағына» түсіреді. Ақшаны және өзге де төлемдерді  электрондық әмиянға аударуды талап етеді. Көптеген адамдар автокөлік құралдарын және өзге де заттарды жарнама арқылы тауып алып, ақысын терминал арқылы төлейді. Танымайтын болғандықтан ол адаммен кейін байланыса алмайды. Ал алаяқтардың көпшілігі осы әдісті қолданады. Осы ретте полиция тұрғындарға мына жайттарды ескертеді:

— сіздің банкомат картаңызға қатысты барлық мәліметті беретін жалғыз ұйым  — банк. Егер карточкаңызда бірдеңе дұрыс емес деп күдіктенсеңіз, оны блоктау туралы SMS-хабарлама алған болсаңыз, дереу банкке хабарласыңыз.— SMS хабарлама арқылы  көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалмаңыз немесе хат жібермеңіз, бұл үшін қосымша ақы алынуы мүмкін.— банк картасына қатысты бір реттік құпия сөз, SMS-код туралы деректер өзге адамдарға берілмейді. Бұл құпия ақпарат болып есептеледі. Себебі бұл сіздің жеке шотыңыз арқылы картаңызды басқаруға қызмет етеді.— белгісіз шоттар мен телефон нөмірлерге ақша аудармаңыз.— хабарландыруды мұқият оқып шығыңыз, оны орналастырған адам туралы ақпаратты қараңыз.

—  егер сатушы сатып алған тауарлардың толық немесе ішінара төлемін электронды аударуды талап етсе, бейтаныс адамға қаншалықты сенім артуға болатынын ойлаңыз.

— ұқсас өнімдердің орташа құнына мән беріңіз және тым төмен бағаларға күдікпен қараңыз.

Есіңізде болсын, келісімшарт жасамай ақшаны бейтаныс адамдарға аударсаңыз, кейін оны қайтара алмайсыз.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*