Басты бет » Жаңалықтар » Оңтүстік Кореяда емделуге мүмкіндік алды

Оңтүстік Кореяда емделуге мүмкіндік алды

Әйтеке би ауданы Сарат ауылындағы 10 жастағы мүмкіндігі шектеулі жасөспірім Самғат Ғарифолла Оңтүстік Кореяда емделуге мүмкіндік алды. 

Жасөспірімнің анасы Ақжамал Есмаханованың айтуынша, өткен жылдың желтоқсанында «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті Арман Есенжолов Самғаттың шетелде ем алуына демеушілік танытып, қолдау көрсеткен.

— Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Сарат ауылына кезекті жұмыс сапарымен келген сәтте Самғаттың Оңтүстік Кореяда емделуіне көмек сұраған болатынмын.

Ұлым 2012 жылы мүгедек болып, қазір оған оңалту бағдарламасына сәйкес ем жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні баламның жағдайы жақсарып келеді. Биыл қаңтар айында Самғатты Оңтүстік Кореяға апаруды жоспарлап отырмыз.

Бүгінде мүмкіндігі шектеулі, жетім балаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

Осы ретте шалғайдағы қарапайым ауыл тұрғындарының өтінішін қолдап, қамқорлық көрсеткен облыс басшысы Бердібек Сапарбаевқа, сондай-ақ демеушілік танытқан Арман Бекетұлына шынайы ризашылығымды білдіремін, —  дейді Самғаттың анасы Ақжамал Есмаханова.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*