Басты бет » Ақтөбе — 150 » «Атамекен» мен «Асылым»ансамбльдері ауылдарды аралауға шықты

«Атамекен» мен «Асылым»ансамбльдері ауылдарды аралауға шықты

Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мен «Нұр Отан»партиясының құрылғанына 20 жыл толуына орай шаралардың бірі «Ғасырлар үні — бабалар жолы дастаны» ізімен  басталып кетті.

Ақтөбе қалалық мәдениет бөлімінің жанынан құрылып, өткен жылдың аяғында тұсаукесер концертін ұсынған «Атамекен» ардагер аталар және «Асылым» аналар ән ансамблдері  осы жылдың алғашқы сапарын Алға ауданынан бастады. Ең әуелі Бестамақ ауылына келіп, Есет Көкіұлының ескерткішіне аялдады. Осы жерде Бестамақ селолық округ әкімі бастаған бір топ азаматтар күтіп алды.

Одан кейін топ  батырдың кесенесіне барып, дұға жасады.

Президентіміз «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Ұлы есімдерге» айрықша көңіл бөлсе, өз заманында 47 рет жекпе-жекке шыққан Есет Көкіұлы  да даламыздың аруақты перзенттерінің бірі. Батыр музейіне жыл сайын тың деректер қосылып жатыр. Мәселен, осы жердегі  ескерткіш тақтаны алғалық Данияр ақсақал  35 жыл сақтап келіпті.  Бұл — түрлі  металл қоспалары бар ерекше тас.

Түстен кейін Бестамақ мәдениет үйінде  «Ауыл — ел бесігі» атты шығармашылық концерт басталғанда «Атамекен» ардагер аталар ансамблі қазақтың үш биін сахналап, халық әндерін әуелетсе, «Асылымның» аналары  атақты композиторларымыздың  әндерін шырқады. Алға ауданының«Әжелер» ансамблі де оларға  қосылды.

Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров шығармашылық топқа Алғыс хат табыстап, ризашылығын жеткізді.  Топты бастап барған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Ағниязов та құттықтау сөз айтса. «Мирас» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Еркін Құрманбеков Бестамақ ауылын көркейтуге үлес қосып жүрген ұлағатты ұстаз, үздік кітапханашы, жас маман және  белсенді кәсіпкерге облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың Алғыс хатын тапсырды.

Осы жылы  барлық аудандарды аралап, содан кейін көршілес облыстарға  барып, концерттер береміз. Жоспарын әзірлеп қойдық. Жұртшылықпен кездесулерде ұлттық салт-дәстүрімізде бар, бірақ кейін ұмытылған  тәрбиелік жөн-жоралғыларды да  насихаттамақшымыз. Бестамақ  ауылынан бастаған себебіміз — әр істің, әр сапардың алдында ұлы батырдың аруағына тағзым етіп киелі жердің батасын алу.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы автобус сыйлады. Ендігі жерде өз көлігімізбен   жолға шығу көп қиындық тудырмас», — дейді қос ансамблдің көркемдік жетекшісі Қаракөз Сағынова.

Самат НАРЕГЕЕВ,

Бестамақ ауылы,

Алға ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*