Басты бет » Басты жаңалықтар » Пәтерге құжат қабылдау басталады

Пәтерге құжат қабылдау басталады

Ақтөбе қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімі жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтардан «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйі бағыты бойынша 2019 жылдың 23 мен 30 қаңтар аралығында қосымша өтініштер қабылданатындығын еске салады! Қазіргі уақытта «Нұр Ақтөбе» ауданында төменде көрсетілгендей бос пәтерлер бар:
1) 1 бөлмелі пәтер – 158 (36,60 ш.м.-ден 42,36 ш.м.-ге дейін);
2) 2 бөлмелі пәтер – 37 (51,11 ш.м.-ден 53,35 ш.м-ге дейін);
3) 3 бөлмелі пәтер – 12 (71,60 ш.м.-75,5 ш.м-ге дейін).
Тұрғын үй сатып алу құқығымен 20 жылға жалға беру арқылы жүзеге асырылады.
Құжаттар «электрондық үкімет порталы» арқылы электрондық нұсқада қабылданатын болады.
Тұрғын үйді жалдау ақысы 1 шаршы метр үшін 780 теңгені құрайды.
Өтініш беру кезінде қатысушы қандай ауданға және қанша бөлмеге үміткер екенін көрсетуі қажет. Кезек әртүрлі ауданға сәйкес құрылады.
Жарияланған пәтерлер бойынша үміткерлердің тізімі құжаттар қабылданғаннан кейін жергілікті атқарушы органға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге алғашқы өтініш берген күніне байланысты жасалады.
Жалдамалы тұрғын үйді алу үшін жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азамат төлем қабілеттілігін растауы тиіс, оны «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы тексереді.
Төлем қабілеттілігін растағаннан кейін қатысушы тұрғын үйге үміткерлер тізіміне қосылады. Үміткерлер тізімін комиссия мүшелері бекітіп, тұрғын үй алу үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамына жолданады.
Кезектегі азаматқа өтініш беру үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық-санды қолтаңба алып, электрондық үкімет порталына кіру және «Жылжымайтын мүлік» бөлігіндегі «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй алу үшін І және ІІІ топтағы азаматтардан өтініштер мен құжаттарды қабылдау» қызметін таңдауы қажет.
Аталған қызметке тапсырыс беру кезінде тармақтардағы сұрақтарға жауап беру қажет (тіркелген жері туралы мәлімет, өзінде және отбасы мүшелерінде тұрғын үйінің жоқтығы туралы мәлімет, байланыс телефондары және электрондық поштасы) және қажет кезінде алдын ала сканерленген құжаттарды бекіту қажет.
Бюджеттік саладағы қызметкерлер сканерленген жұмыс орнының анықтамасын, ал тұрғын үйде үлестері бар азаматтар соған сәйкес сканерленген құжаттарын тіркеуі керек.
Назарларыңызға: балалардың тууы туралы куәліктерін, неке қию туралы куәлігін (неке бұзу, № 4 нысандағы анықтама, әкесі деп тану туралы куәлік) 2008 жылға дейінгі құжаттар міндетті түрде сканерленіп тіркелуі қажет.http://akt.gov.kz/…/23-kantardan-bastap-pterge-kuzat-kabyld..

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*