Басты бет » Жаңалықтар » Даярлықтың кезекті кезеңі

Даярлықтың кезекті кезеңі

Әскер

Еліміздің батысындағы әскерилер жауынгерлік даярлықтың кезекті кезеңін бастап кетті.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері әскерлерді оқытудың кезекті кезеңі — бөлімшелерді, есептоптарды және экипаждарды дайындауды бастады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әскери қызметшілер әскерлерді бірізді оқытуға сәйкес, мамандық бойынша даярлықтан кейін бөлімшелерді әзірлеу жұмыстары жүргізіледі. Бөлімшелерді (есептоптарды) әзірлеу бойынша сабақтар бөлімше командирлерінің жетекшілігімен жүзеге асырылады. Сабақ мерзімі — бір ай.  Аталған кезеңде әскери қызметшілер мамандық бойынша жеке дайындық барысында әртүрлі ұрыс пен жауынгерлік қақтығыс жағдайларында бөлімше құрамында алған кәсіби машықтықтарын жетілдіреді. Оқыту үрдісі барысында әскери қызметшілердің бөлімшелер құрамында әрекет етуге дайындығы, ұрыста штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы шебер әрі тиімді қолдануда, жеке құрамның далалық дағдысын жетілдіруге баса назар аударылады. Сонымен қоса, осы аралықта әскерилерге бөлімше құрамындағы іс-әрекеттерді барынша жаттап-үйреніп алуға жағдай жасалады. Бұр ретте жауынгерлерге «Бөлімшенің шабуылы мен қорғанысы», «Бөлімшенің маршы мен жорықтық күзеті» және «Бөлімшенің барлауы» сабақтары жүргізіледі. Бөлімшелерді әзірлеудің шешуші кезеңінде жауынгерлік оқ атыстары өткізіледі.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*